ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

 

2024 жылдың 15 мен 16 мамыр аралығында Ақмола облысында «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының өрт қауіпті кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығу басшылығының штабы келесі мекенжай бойынша орналастырылады: Көкшетау қаласы, Е. Әуелбеков к-сі, 87, Ақмола облысының ТЖД ғимараты. Байланыс телефоны: 8 (7162) 55-14-77
Оқу-жаттығу барысында облыстың барлық аудандарында/қалаларында арнайы техниканың қозғалысы орын алуы мүмкін, осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды, оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также