ОНОМАСТИКА: ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

Ономастика — тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады.

Бүгінгі таңда ономастика – қазақ тілінің ажырамас бөлігіне айналғандықтан, ерекше жүйе ретінде қаралып, қолданысқа енді. Мемлекеттік бағдарламада ономастика мәселесіне қатысты маңызды индикатор бар. Ол – ономастикалық комиссияның шешім қабылдауы барысында тұрғындар арасында қоғамдық қолжетімділікті орнатып, ашықтық қағидаттарын сақтау.

Осы саладағы жұмыстардың жүргізілу бағыты Жақсы ауданында сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, 2022 жылы аудандағы тоғыз ауылдың он бес көшелерінің атауы толықтай дәстүрлі қазақы танымға сай сәйкестендірілді.

Ономастикалық зерттеудің мақсаты-лексиканың басқа салаларымен салыстырғандағы жалқы есім ерекшеліктеріне ықпал етуші өзіндік ономастикалық белгілерін анықтау, онимдердің әр түрлі топтарын зерттеу, ономастикалық атаулар мен жалқы есім қызмет ерекшеліктерін талдау. Бұдан басқа ономастика мақсатына тілден тыс жатқан факторлардың онимдер қалыптасуына ықпалын анықтау, жалқы есімдердің шығу тегін ашу, жалқы есім кодтау және нөмірлеу, жалқы есімдер сөздігін жасау т.б

Нақты мақсаттан ономастикалық зерттеудің міндеттері шығады:

-зерттеуге қажетті жалқы есімдері жиынтығын бөлу және анықтау;

— мүмкіндігінше қажетті материалды толығымен жинау;

-жалқы есімдерді этимологиялық тұрғыдан талдау;

-жалқы есімдердің әр түріне тән құрамдық және сөзжасамдық ерекшеліктерін анықтау;

-ономастикалық атлас және карта жасау;

-әр түрлі арнайы ономастикалық сөздіктер жасау;

-арнайы ономастикалық шығу көздерін зерттеу;

Арнайы оносмастикалық шығу көздеріне  географиялық карталар мен аттластар, жеке жазылған естеліктер, публицистика, бұқаралық ақпарат құралдары, географиялық және тарихи очерктер, жазба ескерткіштері, мұрағат құжаттары, анықтамалық көрсеткіштер, телефондық және адрестік кітаптар, тіркеу кітаптары, актілік құжаттар т.б. жалқы есімдер туралы пайдалы ақпарат беретіндердің барлығы жатады. Зерттеудің жеке шығу көзі ретінде әртүрлі ономастикалық сөздіктер қызмет атқарады.

 

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также