А. ҒИНИЯТ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға, Новорыбинка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға және Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық аурухана құрамындағы перинаталдық орталыққа барды. Ақкөл аудандық ауруханасының негізгі ғимараты 1968 жылы салынған, мекеменің жобалық қуаты тәулік бойы жұмыс істейтін 80 төсекке және күндізгі стационардың 70 төсегіне есептелген. Бүгінде мұнда 54 дәрігер, 169 орта медициналық қызметкер, 69 кіші медициналық персонал жұмыс істейді. Министр аурухана басшылығымен бейінді мамандардың тапшылығы мәселесін талқылап, оларды шарттық негізде белгілі бір күндері Астанадан бірлесіп орындаушылар ретінде шақыруды ұсынды. Аурухананың негізгі ғимаратының тозуын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаңа корпустың құрылысын қаржыландыруға көмектесуге…