
Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында «Конституциялық реформа: қоғамның саяси трансформациясы» атты диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар конституциялық реформаның рөлін және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту шараларын талқылады. Жиынды ашқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Кадиров азаматтық қоғам өкілдерін алдағы референдумға белсене қатысуға шақырды. Бүгінгі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдында азаматтардың жүргізіліп жатқан жұмыстардан толыққанды хабардар болуын қамтамсыз ету міндеті тұр. Бұл ретте біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Сондай-ақ, азаматтарды осы жылдың 5 маусымына жоспарланған алдағы…