1 жылда 9 жаңа мектеп: Ақмола облысы білім саласына басымдық беріп отыр 2024-2025 оқу жылында Ақмола облысында білім беру саласында инфрақұрылымдық серпіліс байқалды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 9 жаңа мектеп іске қосылды. Бұл қадам тығыздалған мектептер мәселесін шешіп, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Спикердің айтуынша Целиноград ауданында биыл орын тапшылығы 8 есеге, ал Көкшетау қаласында бір жарым есеге қысқарды. Сонымен қатар, Бұланды ауылындағы апатты мектептің мәселесі шешілді. Жаңа оқу жылында тағы 5 мектеп ашылады деп жоспарлануда. Бұл жобалар өңірдегі сапалы…
Июн
09
2025