Референдумның ашық өтуі үшін тәуелсіз байқаушылардың жұмысы маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Партиялық емес байқау орталығының» төрағасы Төлеген Күнәділов «Ауыл» ХДП хатшысы Анас Баққожаевпен кездесті. Кездесу барысында Төлеген Күнәділов қатысушыларды партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, орталық өкілдерінің референдум барысын байқауға қатысу жоспарлары туралы айтты. Саяси оқиғаның маңыздылығын айта келе, Төлеген Күнәділов байқаудың негізгі принциптеріне тоқталып, республикалық және өңірлік байқаушылар штабтарының ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті. Біздің ең маңызды міндетіміз – референдум кезінде азаматтардың сөз бостандығының бұзылуына жол бермеу. Біз еліміздің барлық өңірлерінде байқаушылар пулын қалыптастыру жұмыстарын жүргіздік, оларға қазір оқыту өтіп жатыр. Байқаушыларды даярлау – біздің қызметіміздің маңызды кезеңі, өйткені қоғамдық байқаудың бүкіл процесінің тиімділігі соған байланысты, –…