Білімді ұрпақ — болашағымыз

  • Бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Әлем елдерімен қабырғасын теңестіруді меже етіп отырған елдің білімді жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді деген сенім мақсатымызға айналып отырғандай. Ал, оған қол жеткізудің алғы шарттарының бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Бұл сүйеу де оттың да ағатын жерінен көрінуі мүмкін деген сөзге сай келуіне байланысты шығар.
    Жақсы ауылының тумасы 10 сынып оқушысы Досанова Айнұр Ануарқызы әрдайым өзін тек жақсы қырынан көрсете білген үздік оқушысы. Біздің газетімізде «белсенді ұрпақ» айдары бойынша Жақсы №1 орта мектебінің мақтанышын жазуды жөн санадық. Себебі кейіпкеріміздің сынып жетекшісі Турсынбаева Жанар Қабдуллақызының айтуы бойынша ол өте жан-жақты, ізденімпаз, талантты оқушылардың қатарында. Мектепішілік барша іс шаралар Айнұрдың қатысуынсыз еш өтпейтінін де айтып қалды. Ақылдылығымен көзге ілінген кейіпкеріміз аудан, облыс, республика көлеміндегі түрлі додаларға қатысып, тек жүлделі орындардан көрініп келеді. Барша оқырман қауымына Айнұрдың жетістіктерін тізіп, оларға жеке тоқталуды дұрыс деп санадым.
    Кейіпкеріміз үлкен әулеттің тұңғыш перзенті, ата-әжесінің қамқорында болып бой жеткен ол, өзін әжесінің еркесі санайды. Ата-әже деген ұғым қазақ үшін аса бағалы. Жастайынан бері қарттарын сыйлап өскен біздің халық оларды әрқашанда төрге шығарып, қадірлеп, пір тұтқан. Қай жерде көрсе де, қай жақта болса да, сәлемін түзу етіп, әрқашанда амандасып, хал-жағдайын біліп жүрген халықпыз ғой. Міне, Досановтар әулеті де ата-әжесін қадір тұтып, олардың алғысына бөленіп отырған бақытты отбасы. Айнұрдың анасы Мария өзге ұлт өкілі болса да, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сақтай білген инабатты келін, асыл жар, аяулы ана. Айнұр үйінің үлкені, өзінен кейінгі іні, сіңілдеріне қарайласып өскен ол, олардың сабақтарына да мұқият қарап, бауырларын жан – жақты етіп өсіріп келеді.
    — Айнұр, өзіңдей жас та болса да өте пысық қызбен сұхбат құру мен үшін қуаныш, мектепте Ұланбасы екеніңді де білемін. Білім ордаңдағы осы қызметің жайында толығырақ айтып берсең…
    — Қазіргі таңда мен оныншы сынып оқушысымын, өзім Жақсы ауылында туылып өсіп, бой жетіп келемін. Көпбалалы отбасында тәрбие алудамын, оған қоса атам мен әжем де бізбен бірге тұрады. Қарты бар қазыналы отбасында өмір сүру мен үшін ерекше сезім. Әр таңым әжетайымның айналайын деген жылы үнімен бастау алып, маған аса бір қуат сыйлайды. Осылайша менің әр күнім өз бастауын алады. Мектепте үздіктер қатарындамын десем де болады. Сүйіп оқитын сабақтарым ол гуманитарлық пәндер, яғни қазақ тілі, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті. Ия, бүгінгі күні мен мектебімнің Ұланбасымын. «Ұланбасы»- кандай болу керек деген сауалыңызға мен былай дер едім: мектептегі өз орыны бар, үздік оқушы, қоғамдық жұмыстармен тығыз байланысты, «мектебім» деп жүрегі лүпілдеген, жауапкершілігі мол, өзіне сенім білдірген адамдардың сенімінен шыға білетін тұлға болуы керек. «Ұлан басы» — «Жас Ұлан», «Жас Қыран» көшбасшысы, мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару басшысы, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметіне басшылық етеді, мектеп әкімшілігімен өзара қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді, өз атынан және оқушылардың атынан мектеп қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен педагогтар арасындағы даулы жағдайларды шешуге қатысады, әртүрлі әлеуметтік жобаларды, іс-шараларды бастамашылық етеді және ұйымдастырады. Сондай-ақ, мен Ұланбасы ретінде Көкшетау қаласына түрлі съездерге қатысып, өз білімімді шыңдап отырамын. Мен үшін өзімнің алтын ұя мектебімнің мәртебесі, оның абыройы әрқашанда бірінші орында, онда білім алып жүрген әрбір оқушы мен үшін аса қымбат. Мен өзімді елімнің, жерімнің, мектебімнің нағыз патриотымын деп білемін. Осы тұрғыда өзіммен қатарлас оқушыларға айтарым, тәуелсіз еліміздің болашағының жарқын болуы ол бізбенен сіздің қолымызда. Мектептегі ұстаздардың маңдай теріменен беріп жатқан білімін ақтап, болашақта елін қорғайтын, мемлекетін асқақтататын белсенді ұрпақ болайық. Өзім болашақта ұстаз маманы
  • болуды таңдап қойдым, себебі, мектебімдегі үлгі тұтар мұғалімдерім Л. Каскаева, Ә. Исмайлованың маған сабақ беру әдістері, өздерін ұстауылары, оқушыларға керемет мотивация бере білу қасиеттері қатты ұнайды. Осы ұлағатты ұстаздарым сияқты менде білікті маман болсам деймін.
    — Айнұр, сені көптеген байқаулардан көріп келемін. Осыншама жан-жақты болуыңның сыры неде? Бүгінгі таңға дейінгі жеткен жетістіктеріңмен бөлісіп кетсең…
    — Мен кішкентай сәби кезімнен өте белсенді болып өсіп келемін. Бірінші сыныпқа аяқ басқан күннен-ақ, білімге құштар болдым. Бала кезімнен сахнаға шығып ән шырқағанды, би билегенді жаным сүйеді. Екінші сынып табалдырығын аттаған сәтімнен бастап анам мені Жақсы ауылындағы музыкалық мектепке беріп, «фортепиано» шертуді үйрендім, бұдан бөлек би үйірмесіне де қатысып, түрлі ұлт өкілдерінің биін мың бұралып билеп те келемін. Ия, дұрыс айтасыз мен түрлі байқау, конкурстарға қатысып, өзімді жан-жақты сынап келемін. Қатысқан сайыстарымның барлығы да жүлделі орындармен марапатталып келеді. Дарын онлайн білім беру платформасында тарихымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастылырылған І Республикалық «Жас тарихшы» олимпиадасының ІІ дәрежелі жүлдегері атандым, «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Отаныма деген менің бастамам» облыстық сырттай шығармашылық жобалар байқауының «Балалар идеясы – мәңгілік елге» номинациясында ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталдым, 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасының мектепішілік кезеңінде химия пәнінен І орын алдым. Аудандық «Уақыт-байланыстырушы желі» мектептер арасындағы музейлер байқауында «Мұражай тарихы» номинациясында жеңіске жетіп, марапатталдым. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтықтан олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі дипломмен де марапаталған едім. Сондай-ақ, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акция шеңберінде азаматтық ұстаным білдіріп, «Балалар идеясы- мәңгілік елге» әлеуметтік жобалар байқауына қатысқаным үшін балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а Д. Жекебаевтың алғыс хатына да ие болдым.
    — Айнұр өзіңдей ақылды ұрпағымызбен біз қашанда мақтанамыз. Саған жарқын болашақ, ашық аспан тілегім келеді!
    А. Апамбаева.
By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также