Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарынқұруды күнделікті ойлауы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат – Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салықтық жеңілдіктерді негізінен жоғары қосылған құны бар өнім өндірінесе инвестиция тартуға және технологиялық экспортты ынталандыруға қайта бағыттау қажет. Бұл мінсіз тәртіп міндеті. Дегенменбарлығы менің үстанымды түсінгенін қалар едім. Бүкіл экономикалық саясатты біз экономиканыәртараптандыру міндеттеріне, оны индустрияландыруға және түптеп келгенгеинвестиция тартуға бағындыруымыз қажет. Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс, ал Үкіметоларға бұл жағынан көмектесуі тиіс», — дедіПрезидент.

Мемлекет басшысы екінші жағынан салықты саясатынталандырушы әрі икемді болуы тиістігін баса айтты.

«Мәселен, бүгінде Қазақстанда қатты пайдалықазбалалардың көптеген кен орны бар. Оларды қазіргі салық салумен игеру экономикалық тұрғыда мақсатқа сай келмейді әрі тиімсіз. Шикізат жерде, моноқалалар жанында бостан бос жатыр. Бірақ, оны азаматтардың игілігіне пайдалануға болар еді. Күрделі мұнай-газ кен орындары сияқты мұндай рентабельдігі төмен жаңа жобалар үшін салық жүктемесін жұмыс орындарын құру, қайта өңдеу қуаттарын салу, міндеттемелерді орындау шарттары алмастырып, жеңілдетпеске?! Үкімет бұл жұмыспен айналысып, жаңа салық саясатын әзірлеу барысында оны ескеруітиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.inform.kz/kz/barlyk-dengeydegi-akimder-investiciya-tartudy-zhane-zhumys-oryndaryn-kurudy-kundelikti-oylauy-tiis_a4058504

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также