Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Үміткерлер тізімі

 

Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға бес кандидатты тіркеді:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев, қазіргі мемлекет басшысы.
  • Нұрлан Әуесбаев, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
  • Мейрам Қажыкен, Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған.
  • Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
  • Қарақат Әбден– «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен.

Тағы жеті президенттікке кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.

  • Жұматай Әлиев, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен.
  • Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.
  • Нұржан Әлтаев, «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
  • Салтанат Тұрсынбекова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
  • Хайрулла Ғабжалилов, «Асар» оралмандар қауымдастығы» ҚБ ұсынған.
  • Бақыт Жаңабаев, «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігінен.
  • Фатима Бизақова,«Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігінен.

Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также