АҚПАРАТ КӨРНЕКІЛІГІ МЕН САУАТТЫЛЫҒЫМАҢЫЗДЫ
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, сондай-ақ, оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызға ие қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнамалар екендігі белгілі. Қашанда көрнекі ақпараттар тіліндегі өріп жүрген қателер, сауатсыз, олақ аудармалар, сөздік қолданыстағы кемшіліктер тіліміздің көркемдігіне әсер етеді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі ауданымыздың ресми парақшаларында кәсіпкерлерімізге көрнекі ақпаратты жарнаманы заң талаптары бойынша орнату керектігі туралы ақпарат жиі жарияланып тұрады. Мемлекеттік тілді құрметтеу барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бірақ соған қарамастан, аудан кәсіпкерлері тарапынан көрнекі ақпараттарды орыс тілінде жазу фактілері әлі де орын алып келеді. Осындай түйінделген мәселелердің бетін қайтару үшін аудан кәсіпкерлеріне көрнекі ақпарат орнатудағы заңдылық талаптар мен оның сауаттылығы…