АҚПАРАТ КӨРНЕКІЛІГІ МЕН САУАТТЫЛЫҒЫМАҢЫЗДЫ

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, сондай-ақ, оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызға ие қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнамалар екендігі белгілі. Қашанда көрнекі ақпараттар тіліндегі өріп жүрген қателер, сауатсыз, олақ аудармалар, сөздік қолданыстағы кемшіліктер тіліміздің көркемдігіне әсер етеді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі ауданымыздың ресми парақшаларында кәсіпкерлерімізге көрнекі ақпаратты жарнаманы заң талаптары бойынша орнату керектігі туралы ақпарат жиі жарияланып тұрады. Мемлекеттік тілді құрметтеу барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бірақ соған қарамастан, аудан кәсіпкерлері тарапынан көрнекі ақпараттарды орыс тілінде жазу фактілері әлі де орын алып келеді. Осындай түйінделген мәселелердің бетін қайтару үшін аудан кәсіпкерлеріне көрнекі ақпарат  орнатудағы заңдылық талаптар мен оның сауаттылығы турасында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде дүкен сөрелеріндегі көрнекі ақпараттарды орналастыру, бірқатар бизнес нысандарындағы жазулар алынып тасталды және оларға түсіндірме жұмыстары, ескертулер берілді.

Көрнекі ақпарат ілу кезінде қазіргі таңда Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің арнайы мамандарының көмегіне жүгінуге болады. Аудан аумағындағы барлық деңгейдегі кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында жарнамаларды орнатпас бұрын олардың  мәтіндерін мемлекеттік тіл нормаларына сәйкестендіріп ресімделуіне байланысты тегін  консультация беретін Call орталығы жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны әлеуметтік желілердегі ауданымыздың барлық ресми парақшаларында және аудандық газетте жарияланған.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также