Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді Премьер-Министр Олжас Бектеновтің баяндамасынан:
✔️су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр; ✔️қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр; ✔️20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен). Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталған; ✔️Солтүстік Қазақстан облысында бірреттік қаржылай көмекті 6090, Қостанай облысында 4085, Атырау облысында 3730 отбасы алған; ✔️зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда…