*Қазақстанда автокөлік өндірісі 17,8%-ға артты* 2025 жылы Қазақстан автомобиль өнеркәсібі тарихтағы ең жоғары көрсеткіштерін көрсетті. «Қазақстан автомобиль одағының» дерегіне сәйкес, елде 171 144 автокөлік шығарылып, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Жалпы өндіріс көлемі 2,3 трлн теңгеден асты. Автокөлік өндірісі машина жасау саласының 41,7%-ын және өңдеу өнеркәсібінің шамамен 8%-ын құрап, экономиканың негізгі драйвері мәртебесін сақтап отыр. Салаға салынған инвестициялар 113,6 млрд теңгеге жетіп, жаңа зауыттардың ашылуына және өндірісті жаңғыртуға жол ашты. Алматы мен Қостанайда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan кәсіпорындары іске қосылды. Өндірістің артуы жұмыспен қамтуға да оң әсер етті: саладағы жұмысшылар саны 11 153-ке дейін өсіп, бір…