Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін арнайы құттықтап, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат, мерекелік медальдарды және 5 миллион теңге көлеміндегі сертификаттарды табыстады.
Салтанатты кездесу Қосшы қаласында және Бұланды ауданының Макинск қаласында жылы, жайлы атмосферада өтті. Ардагерлер – Нұрқасым Әжітайұлы мен Иосиф Иванович Коминге Отан алдындағы ерлігі, жанқиярлығы және адал қызметі үшін зор алғыс айтылды.
Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, жеңімпаз ұрпақтың ерлігін есте сақтау – бүгінгі күннің маңызды парызы екенін атап өтті:
«Сіздердің ерліктеріңіз, өнегелі өмір жолдарыңыз, адами қасиеттеріңіз – баршаға үлгі», – деді өңір басшысы.
Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген ілтипат пен қамқорлық үшін алғыс білдірді. Жиналған жұртшылықтың қошеметімен 100 жастағы Нұрқасым Әжітайұлы соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.
Нұрқасым Әжітайұлы 1925 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майданға аттанған. Ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, «1941–1945 жылдардағы соғыс ардагері» төсбелгісімен және өзге де марапаттармен наградталған. Қазіргі таңда Қосшы қаласында отбасымен өмір сүріп жатыр. Биыл ол Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жеңіс парадының құрметті қонағы болды.
Иосиф Иванович Комин 1927 жылы Беларусь жерінде дүниеге келген. 1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, туған елін азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда Макинск қаласында тұрады.
В преддверии 80-летия Великой Победы аким Акмолинской области Марат Ахметжанов посетил ветеранов Великой Отечественной войны, вручив им поздравления от имени Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, юбилейные медали и сертификаты на сумму 5 миллионов тенге.
Торжественные встречи прошли в тёплой, сердечной атмосфере в городе Косшы и Макинск Буландынского района. Ветеранам — Нуркасыму Ажитаеву и Иосифу Комину — были выражены искренние слова благодарности за их подвиг, самоотверженность и служение Родине.
Марат Ахметжанов зачитал поздравление Президента и отметил важность сохранения памяти о подвигах поколения победителей:
«Ваши поступки, плодотворный труд, человеческие качества — образец для подражания для всех нас», — сказал он.
В ответ ветераны выразили благодарность за внимание и заботу. Под аплодисменты собравшихся 100-летний Нуркасым Ажитаев исполнил песни военных лет.
Нуркасым Ажитайевич родился 1 января 1925 года в селе Сарыкамыс (Семипалатинская область), ушёл на фронт в 1943 году. Он награждён орденом Отечественной войны II степени, медалью «За победу над Японией», нагрудным знаком «Ветеран войны 1941–1945 гг.» и другими наградами. Сегодня живёт в Косшы, окружённый семьёй. В этом году он стал почётным гостем парада Победы с участием Главы государства.
Иосиф Иванович Комин, родившийся в 1927 году в Беларуси, был призван в армию в 1944 году. Ветеран боёв за освобождение своей родины, он также награждён орденом Отечественной войны II степени и юбилейными медалями. Сейчас он проживает в Макинске.