Егіндікөл ауданы: әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты
2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында Егіндікөл ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар оң өзгерістер байқалды. Бұл туралы аудан әкімі Юрий Курушина журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Аудан әкімінің айтуынша, есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 196 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, құрылыс пен әлеуметтік салада да тұрақты өсім байқалады. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 788 млн теңгеге жетіп, 138% құрады. Тұрғын үй құрылысы 960 шаршы метрді қамтып, былтырғыдан екі есеге артты.
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 857 млн теңгені құрады. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 101,8%. Мал басының өсімі де айқын: ірі қара – 16%-ға, жылқы – 22%-ға, қой-ешкі – 26%-ға көбейген.
«Ауданда жалпы құны 275 млн теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жоба іске асуда. Олардың қатарында қой және ірі қара ет фермаларын кеңейту, майлы дақыл цехын жаңғырту, астық сақтауға арналған ангар салу сияқты бастамалар бар», деді спикер.
Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында 40 адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 2,4% шамасында сақталды. Орташа айлық жалақы 286,2 мың теңгені құрады.
Тұрғын үйге кезекте тұрғандар санын қысқарту мақсатында 16 пәтерлі үй мен 8 екіпәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл 32 пәтерді қамтып, тұрғын үй кезегін 50%-дан астамға қысқартуға мүмкіндік береді.
«Медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер салу жоспарланған. Сонымен қатар, су мәселесі де жүйелі шешімін табуда. Нұра топтық су құбыры мен магистральдық құбырларды жаңарту есебінен елді мекендерге таза ауыз су жеткізілуде. Қосымша блок-модульдер орнату үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді», деп толықтырды әкім.
Аудан орталығы мен ауылдарда автобус аялдамалары орнатылып, жол жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар «Орталық – Батыс» автожолының құрылысы Егіндікөл аумағы арқылы өтеді. Бұл – ауданның көлік қолжетімділігін түбегейлі арттыратын маңызды жоба.
Ауданда 9 мектеп пен 8 балабақша жұмыс істейді. Жөндеу және жабдықтау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. «Қазақстан халқына» қоры мен НЗМ-нің қолдауымен тірек мектептерді толық жабдықтау үшін 250 млн теңге бөлініп, қазіргі заманға сай кабинеттер орнатылады.
Денсаулық сақтау саласында ауданда туберкулез ауруы тіркелмеген, нәресте мен ана өлімі орын алмаған. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар алу жоспарлануда.
«Ауданда 4 мәдениет үйі мен 7 кітапхана жұмыс істейді. Тұрғындардың 42,5%-ы бұқаралық спортпен айналысады. Жыл басынан бері ҰОС ардагерлерінің құрметіне бірнеше облыстық волейбол жарыстары өткізілді» , деді қорындылай келе Юрий Курушин.
Юрий Курушинаның айтуынша, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнесті дамыту Егіндікөл ауданының алдағы уақыттағы басты басымдықтары болмақ.
Егиндикольский район демонстрирует устойчивое развитие: инвестиции, инфраструктура и социальные проекты
Позитивные изменения в социальной и экономической сферах наблюдаются в Егиндикольском районе Акмолинской области. Итоги за январь–май 2025 года озвучил аким района Юрий Курушин на брифинге, сообщает Региональная служба коммуникаций.
По его словам, объем промышленного производства в районе составил 196 млн тенге. В аграрном секторе, малом бизнесе, строительстве и социальной сфере сохраняется стабильная динамика. Объем инвестиций в основной капитал вырос до 788 млн тенге, что составляет 138% к уровню прошлого года. Строительство жилья увеличилось вдвое — возведено 960 квадратных метров.
Аграрная отрасль остается ключевой: за пять месяцев произведено продукции на 857 млн тенге — на 1,8% больше, чем годом ранее. Уверенный рост демонстрирует и животноводство: поголовье КРС увеличилось на 16%, лошадей — на 22%, овец и коз — на 26%.
«Сегодня в районе реализуются инвестиционные проекты на сумму 275 млн тенге. Это расширение мясных ферм, модернизация цеха по переработке масличных культур, строительство зернохранилища», — уточнил Курушин.
Согласно национальному проекту по развитию предпринимательства, 40 жителей района получили трудоустройство, уровень безработицы удерживается на отметке 2,4%. Средняя зарплата по району составляет 286,2 тысячи тенге.
Для снижения очереди на жильё в Егиндиколе строится один 16-квартирный дом и восемь двухквартирных, что в совокупности даст 32 квартиры. По прогнозам, это сократит очередь более чем на 50%.
Одновременно решаются вопросы доступности медицинской помощи и водоснабжения. В сёлах планируется строительство новых фельдшерско-акушерских пунктов. Обеспечение чистой питьевой водой осуществляется за счёт модернизации группового водопровода «Нура» и магистральных сетей. Из областного бюджета выделены средства на установку дополнительных блочно-модульных станций.
Начаты дорожные работы и установка автобусных павильонов в населённых пунктах. Через район проходит строительство автодороги республиканского значения «Центр – Запад» — более 100 километров нового полотна обеспечат транспортную доступность территории.
Сфера образования также не осталась без внимания. В районе действуют 9 школ и 8 детских садов. В опорных школах проводится капитальное переоснащение: благодаря поддержке фонда «Қазақстан халқына» и НИШ, на эти цели направлено 250 млн тенге.
По данным районного акимата, в 2025 году не зафиксировано случаев туберкулёза, материнской и младенческой смертности. Планируется закуп нового медицинского оборудования.
Активно развивается и культурно-спортивная сфера. В районе функционируют 4 дома культуры и 7 библиотек, более 42% населения занимается массовым спортом. В честь ветеранов Великой Отечественной войны с начала года проведены районные и областные соревнования по волейболу.
По словам Юрия Курушина, в числе приоритетов остаются социальная стабильность, реализация инфраструктурных проектов и поддержка малого бизнеса и агропромышленного комплекса.