Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқыАссамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысындатолеранттылықты насихаттап жүрген креативтіиндустрия өкілдерінің еңбегін атап өтті, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылдың бойында Ассамблея өкілдері елдегірезонанстық жағдайларға балйанысты прагматикалықжәне ұйыстырушы ұстанымды алға тарта отырып, бірнеше рет мәлімдеме жасады. Сіздер қоғамдықбірлестіктің бір бөлігі ғана емес, бейбітшілік пен келісім идеясының нағыз өкілетті өкілдерісіз. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарсияқты сезімтал тақырыпты талқылау кезіндеәрқашан парасаттылық пен көрегендіктің үлгісінкөрсетіп жүрсіздер», — деген Мемлекет басшысы осы тәсілге сүйене отырып, қоғамда дау туғызуғатырысатын кез-келген әрекетке қарсы тұруғаболатынын меңзеді.
«Әр азамат ел ішінде де, шетелде де халқымыздыңбірлігі мен ынтымақтастық құндылықтарын батылқорғауға тиіс.
Әлеуметтік желідегі челлендждер бұған жақсы мысал. Біздің этносы әр түрлі азаматтарымыз халықтыңбірлігін паш етіп, елде кемсітушіліктің жоқ екенін жар салып жүр. Креативті индустрия өкілдері мен жайғана шығармашылық адамдар Қазақстандағы достықпен өзара түсіністіктің ерекше атмосферасына, азаматтарымыздың мейірімділігі мен толеранттылығына арналған контент жасап жүргеніқуантады. Мұндай әндер, өлеңдер, бейнероликтерәрдайым көрермендердің ынта-жігерін оятады», — дедіМемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Қазақстан халқы АссамблеясыныңХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.
https://www.inform.kz/kz/tokaev-assambleya-beybitshilik-pen-kelisim-ideyasynyn-okiletti-uyymy_a4061625