Ақмола облысында Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері тұрғындармен кездесті
Бүгін Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері және бірқатар министрлік өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өтті.
Жұмыс сапарының құрамында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Асхат Рахимжанов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бағдат Рахметуллина, сондай-ақ Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров болды.
Кездесулер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапары аясында делегация Ш. Уәлиханов атындағы университеттің оқытушыларымен және студенттерімен, сондай-ақ «Тыныс» және «Новопэк» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Зеренді ауданында диалог білім және мәдениет саласының өкілдерімен жалғасты. Атап айтқанда, аудандық өнер мектебінің ұжымымен және Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназияның педагогтерімен жүздесу өтті.
Кездесулерде елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбек нарығын дамыту және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«2027 жылды Жалпыұлттық үлкен құрылыс жылы деп жариялау – әрбір өңірді қамтитын және азаматтардың өмір сүру сапасымен тікелей байланысты ауқымды бастама. Бұл бастаманың Ақмола облысы үшін де практикалық маңызы зор. Әр ауданның өзіндік инфрақұрылымдық қажеттіліктері бар. Сондықтан құрылыс жоспарларын қалыптастыру кезінде тұрғындардың нақты сұраныстары ескерілуі қажет. Сонымен қатар жаңа нысандар салумен ғана шектелмей, құрылыс сапасына, жобаларды белгіленген мерзімде жүзеге асыруға және инфрақұрылымды одан әрі күтіп ұстауға да баса мән беру маңызды», – деді Құрылтай депутаты Асхат Рахимжанов.
Кездесулер Қосшы қаласында да жалғасын тапты. Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің және Үкіметтің өкілдері қалалық мектеп-гимназияға, «Виамедис» емханасына және қоғамдық мәдени-спорт кешеніне барып, педагогтермен, медицина қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат және экономикалық даму мәселелері сөз болды.
Құрылтай депутаты Шолпан Каринованың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірумен қатар, азаматтардың пікірін тыңдау және қоғаммен ашық диалог орнату.
«Бүгінгі кездесудің мақсаты – Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру ғана емес, азаматтардың пікірін тыңдап, қоғаммен ашық диалог орнату. Өйткені кез келген бастаманың табысты жүзеге асуы – ортақ жауапкершілік пен бірліктің нәтижесі», – деп атап өтті ол.
Мұндай жұмыс сапарларының маңызы – өңірдегі ахуалды жергілікті жерде зерделеп, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдауға және білім беру, өнеркәсіп, медицина мен өзге де салаларда күнделікті еңбек етіп жүрген азаматтардың ұсыныс-пікірлерін білуге мүмкіндік беруінде. Ал тұрғындар үшін бұл – өздерін толғандырған мәселелерді тікелей көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізудің маңызды мүмкіндігі.
В Акмолинской области депутаты Құрылтая и представители Қазақстан Халық Кеңесі провели встречи с населением
Сегодня в Акмолинской области с участием представителей Курултая, Қазақстан Халық Кеңесі и ряда министерств прошли встречи с населением.
В составе делегации работали депутат Курултая Республики Казахстан Асхат Рахимжанов, член Қазақстан Халық Кеңесі Багдат Рахметуллина, а также вице-министр энергетики Ерлан Акбаров.
Отдельное внимание в ходе встреч было уделено разъяснению Послания Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе».
Участники рабочей поездки встретились с коллективом и студентами университета имени Ш. Уалиханова, а также сотрудниками предприятий «Тыныс» и «Новопэк». В Зерендинском районе диалог продолжился с представителями сферы образования и культуры: состоялись встречи с коллективом районной школы искусств и педагогами школы-гимназии имени Малика Габдуллина.
В центре обсуждения — приоритеты социально-экономического развития страны, модернизация образования и здравоохранения, повышение благосостояния населения, развитие рынка труда и обеспечение устойчивого экономического роста.
«Объявление 2027 года Годом всенародной большой стройки — это масштабная инициатива, которая затрагивает практически каждый регион и непосредственно связана с качеством жизни граждан. Для Акмолинской области эта инициатива имеет особое практическое значение. У каждого района есть свои инфраструктурные потребности, и важно, чтобы при формировании планов строительства учитывались реальные запросы населения. При этом необходимо уделять внимание не только возведению новых объектов, но и качеству строительства, срокам реализации и дальнейшему содержанию инфраструктуры», — отметил депутат Курултая Асхат Рахимжанов.
В Косшы встречи также охватили разные категории населения. Представители Курултая, Қазақстан Халық Кеңесі и Правительства посетили городскую школу-гимназию, поликлинику «Виамедис» и общественный культурно-спортивный комплекс, где пообщались с педагогами, медицинскими работниками и жителями. Участники обсуждали вопросы образования, здравоохранения, социальной политики и экономического развития.
Как отметила депутат Курултая Шолпан Каринова, одна из главных задач таких встреч — не только разъяснить положения Послания, но и услышать граждан.
«Сегодняшняя встреча направлена не только на разъяснение основных направлений Послания, но и на то, чтобы выслушать мнение граждан, установить открытый диалог с обществом. Ведь успешная реализация любой инициативы — результат общей ответственности и единства», — подчеркнула она.
Практическая ценность таких рабочих поездок заключается в возможности увидеть жизнь региона непосредственно на местах, услышать вопросы людей и получить обратную связь от тех, кто ежедневно работает в образовании, промышленности, медицине и других сферах. Для самих жителей это возможность напрямую обозначить темы, которые требуют внимания.






