🏦 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, шамамен 4 млн азамат қамтылды.

Азаматтардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникацияның заманауи әрі креативті форматтары енгізілді.

🔴 2025 жылғы негізгі нәтижелер:

• Жылдың алғашқы алты айында қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізілді. Оған 3,5 мың студент қатысты.

Олимпиада қарсаңында 2 мың мектепте және 1,5 мың жоғары оқу орны мен колледжде қаржылық қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып, 800 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды.

• 2025 жылдың маусым және қараша айларында «АФМ online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» және «AFM Digital Lessons» – ҚМА-нің цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты республикалық форумдар өткізілді.

Сабақтар интерактивті форматта, онлайн-сауалнамалар мен жасанды интеллект қолданылған квиз-тапсырмалар және заманауи графикалық эффектілер арқылы өтті.

Іс-шараларға танымал әртістер, блогерлер мен медиа тұлғалар тартылды.

Нәтижесінде 90 ЖОО мен 263 колледжден 164 мың студент, сондай-ақ 16 мыңға жуық бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтылды.

Серіктестер ретінде Астана қаласының әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және «zakon.kz» ақпараттық порталы қатысты.

• Сонымен бірге «Заңды күлкі» тақырыбымен «Жайдарман» КВН ойыны екі рет ұйымдастырылып, оған елдің 12 үздік командасы қатысты. Ойындарды шамамен 3 мың көрермен тамашалады.

• 2025 жылдың тамыз айында ҚМА «Қарызсыз қоғам» жобасымен бірлесіп елордада 1 мыңға жуық зейнеткер мен несие жүктемесі бар азаматтарға арналған оқыту семинары мен консультациялар өткізді.

Спикерлер қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық және заңсыз микроқаржы ұйымдарының қауіптері туралы түсіндірді.

• Күзде «FinIQ – 2025» қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық онлайн-диктант өткізілді. Оған 2,8 млн азамат қатысып, оның ішінде 1,3 млн-ы оқушылар мен студенттер болды.

• 2025 жылдың 1–15 желтоқсан аралығында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны өткізілді. Ойынға еліміздің барлық өңірлерінен 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттерінен 800 мыңнан астам жас қатысты.

• Қызылорда қаласында ҚМА бастамасымен «Заң мен тәртіп – ел тұғыры» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз додасында заң үстемдігі, қаржылық алаяқтық, дропперлер сынды өзекті тақырыптар жырмен жеткізілді.

• Балаларға арналған «Қошқар мен Теке» атты қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы анимациялық мультфильмдер циклі әзірленді, қазіргі кезде олардың жалпы қаралымы әлеуметтік желіде 200 мыңнан асады.

• Қаржы пирамидаларының құрбандары туралы деректі фильмдер сериясы («HAS пирамидасы туралы», «Ақшаның соңынан қуғандар», «Пирамидалық тәуелділік пе, әлде аңғалдық па?») жарық көрді. Фильмдерді шамамен 200 мың көрермен көріп үлгерді.

✔️ Танымал актерлер мен блогерлердің қатысуымен қаржы пирамидаларына, онлайн-казиноға, дропперлікке және өзге де заңсыз қаржы схемаларға қарсы бағытталған бірқатар профилактикалық бейнероликтер әзірленді. Контент 3,5 млн-нан астам қаралым жинады.

➡️ 2026 жылы Агенттік халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және қаржылық тәуекелдерге қарсы тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған заманауи әрі креативті тәсілдерді қолдана отырып, аталған жұмысты одан әрі күшейту жоспарлануда.

 

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

 

🏦 Агентством по финансовому мониторингу подведены итоги масштабной работы по повышению финансовой и цифровой безопасности населения за 2025 год

В рамках нарратива «Закон и порядок» проведено более 4 тысяч профилактических мероприятий, охвативших порядка 4 млн граждан.
Для повышения заинтересованности граждан внедрены нестандартные форматы коммуникации.

🔴 Ключевые итоги работы 2025 года:

• В первом полугодии проведена Национальная олимпиада по финансовой безопасности, в которой приняли участие 3,5 тыс студентов.

В её преддверии проведены уроки финансовой безопасности в 2 тыс школах и 1,5 тыс ВУЗов и колледжей, охвачены свыше 800 тыс учащихся.

• В июне и ноябре т.г. проведены республиканские форумы «АФМ online 2025: Финансовые триггеры XXI века» и «AFM Digital Lessons» — уроки цифровой безопасности от АФМ».

Занятия проходили в интерактивном формате с онлайн-опросами и квиз-заданиями с использованием ИИ (офицер – AI ДОС) и новейших графических эффектов. Привлечены известные артисты, блогеры и медийные личности.

Охвачено 164 тыс учащихся из 90 ВУЗов и 263 колледжей, а также порядка 16 тыс работников бюджетных организаций. Партнерами выступили Акимат г.Астана, МНВО и новостной портал «Zakon.kz».

• В течение года дважды организована игра КВН «Жайдарман» на тему «Заңды күлкі» с привлечением 12 лучших команд страны, которую посетили около 3 тыс граждан.

• В августе 2025 года АФМ совместно с проектом «Қарызсыз қоғам» в столице организованы обучающие семинары и консультации для почти 1 тыс пенсионеров и закредитованных граждан. Спикеры рассказали об угрозах финансовых пирамид, интернет-мошенничества и незаконных микрофинансовых организаций.

• Осенью проведен республиканский онлайн-диктант по финансовой безопасности «FinIQ — 2025», в котором приняли участие 2,8 млн граждан, из которых 1,3 млн — студенты и школьники.

• С 1 по 15 декабря 2025 года проведена республиканская компьютерная игра «Qarzhy Saqshysy», направленная на повышение уровня финансовой безопасности. Участие приняли более 800 тыс учащихся 10-11 классов и студенты 1-2 курсов колледжей со всех регионов страны.

• В Кызылорде по инициативе АФМ состоялся областной Айтыс акынов на тему «Заң мен Тәртіп – ел тұғыры» . В стихотворной форме затронуты актуальные темы – уважение к закону и финансовая грамотность.

• Для детей запущен показ мультфильма о финансовой безопасности «Қошкар мен Теке», который уже получил охват в 200 тыс просмотров.

• Запущены серии документальных фильмов о жертвах финансовых пирамид («О пирамиде HAS», «В погоне за деньгами», «Пирамидная» зависимость или наивность?»). Картины набрали почти 200 тыс просмотров.

✔️ Совместно с известными актерами и блогерами реализован ряд видеопроектов, посвященных противодействию финансовым пирамидам, онлайн-казино, дроппингу и другим незаконным финансовым схемам. Общий охват аудитории превысил 3,5 млн просмотров.

➡️ В 2026 году планируется дальнейшее наращивание темпов работы с использованием современных креативных подходов, направленных на повышение уровня финансовой безопасности населения и формирование устойчивых навыков противодействия финансовым рискам.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

 

 

By admin

Читайте также