-
“Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы” кешенді жоспары ауқымды жұмыспен қамтуды дамытуға, жастарды жұмыс орындарына тартуға және еңбекақы төлеудегі теңгерімсіздікті жоюға бағытталған. Бағдарламаның Ақмола облысында қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларының жауапты қызметкерлері айтып берді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қазіргі уақытта 2021 жылғы 12 қазанда бекітілген “Дені сау ұлт “әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасы жұмыс істейтінін түсіндірді. 2020 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30 пайызға өседі. Енді, жалақыны одан әрі арттыруға қатысты жоба қаралуда.
– Ағымдағы жылы Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес жас дәрігерлерге көтерілетін жәрдем сомасы ұлғайтылды. Егер маман аудандық және облыстық маңызы бар қалада жұмыс істейтін болса, төлемдер 1,5 миллион теңгені құрайды, ауылдық жерлерде – 2,5 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді бірлесіп төлеу, балабақшаларда орын бөлу, жұбайын (зайыбын) жұмысқа орналастыру арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ауылдық жерге жұмысқа келген мамандар “Дипломмен – ауылға!” жобасы бойынша 100 АЕК-ке тең, 306 300 теңгені құрайтын біржолғы көтерме жәрдемақы, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға 4,6 миллион теңгеге дейін бюджеттік несие ала алады. Несие 15 жылға беріледі, сыйақы мөлшерлемесі – несие сомасынан жылдық 0,001 пайыз, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Лаура Қуанышқызы.
Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімдердің жалақысын көтеру білім беру саласындағы мамандардың жетіспеушілігін толтыруға көмектеседі. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының бухгалтерлік есеп және Мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру бөлімінің басшысы Махаббат Жексембаева айтты. Алдыңғы үш жыл ішінде Қазақстан Үкіметі педагогтардың жалақысын жыл сайын 25 пайызға жүйелі түрде арттырып отырды. Жалпы көтеруден басқа, біліктілік санаты үшін қосымша ақылар 30-дан 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Мысалы, толық оқу жүктемесімен педагог-шебердің жалақысы 373 мыңды құрайды. Ал санаты жоқ жас мұғалім 213 мың теңге алады. Бірақ, егер педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтіп, қажетті білім деңгейін растайтын болса, онда ол жоғары санатқа үміткер бола алады – жалақысы көп мұғалім-модератор бола алады.
– Сонымен қатар, дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі үшін төлем ұлғайтылды. Тәлімгерлік үшін қосымша ақының жаңа санаты пайда болды. Мұғалімдердің мұндай жалақысы елдегі орташа айлық жалақымен салыстыруға болады. Кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленді. Педагогтарды ауылдық жерлерде жалақы коэффициентін 25 пайызға арттыру, тұрғын үй беру немесе жалдау құнын өтеу және коммуналдық қызметтерді төлеу қызықтырады. Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік қолдау ауыл мұғалімдеріне көрсетіледі, – деп атап өтті Махаббат Балташқызы.
Маманның айтуынша, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу кезінде, қажет болған жағдайда үйде оқыту кезінде, экологиялық жағдайы қолайсыз өңірлердегі мұғалімдерге қосымша төлемдер есептелуі мүмкін.
Спорт саласындағы табысты арттыру туралы сауалдарға Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда спорт саласында қызметкерлердің жалақысын көтеру олар жататын санаттарға сәйкес келеді. Жаттықтырушыларды, оқытушыларды, әдіскерлерді, спорт мектептерінің директорларын қамтитын педагогтардың жалақысын көтеру лауазымдық жалақының 75 пайызын құрады. 2023 жылы тағы 25 пайызға өседі деп күтілуде.
Азаматтық қызметшілердің еңбекақысы 2022 жылы 23 пайызға ұлғайды, кейінгі жылдары арттыру кезең-кезеңімен жүргізіледі және 2025 жылға қарай 100 пайызға жетеді. Ауылдық жерлердегі жас мамандарға лауазымдық жалақысының 25 пайызы қосымша төленеді.
– Облыстық әкімдіктің -
қаулысымен ҚР Ұлттық құрама командаларының құрамында тұрған спортшылар үшін ай сайынғы ақшалай қаражат бекітілді. Республикалық және халықаралық жарыстарда көрсетілген нәтижелері үшін ҚР “Дене шынықтыру және спорт туралы “Заңына сәйкес көтермелеу көзделген. Мысалы, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдалимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне пәтер және басқа да материалдық сыйақы беру қарастырылған, – деп түсіндірді Әсет Қайратұлы.
Дайындаған Наталья ЯКОВЛЕВА.
https://arka-azhary.kz/2022/07/11/zhala-yny-sui-zhal-..
Post Views: 230