Ақмола облысындағы тамақтан улану жағдайлары: профилактика күшейтілуде, бірақ қауіп әлі де бар
Ақмола облысында санитарлық қауіпсіздіктің нәзік шекарасы тағы да еске салынды – әсіресе жаз маусымында. Мамыр айының соңында Бурабай ауданында тағы бір жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелді: 18 бала зардап шекті, төртеуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Алғашқыда дәрігерлер бактериалды ішек инфекциясы деген болжам жасаған, алайда кейін диагноз «вирустық энтерит» деп нақтыланды. Бұл — жай ғана алаңдатарлық оқиға емес, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен қоғамдық тамақтандыру саласындағы жүйелі мәселелердің белгісі.
Соңғы үш жылда өңірде жаппай уланудың сегіз оқиғасы тіркелген – географиясы Бурабай, Қосшы және Көкшетау қалаларын қамтиды. Олардың салдарынан ондаған адам, соның ішінде балалар зардап шеккен. Бұл оқиғалар ауқымы жағынан еліміздің өзге өңірлеріндегі жағдайлардан аса ауыр болмаса да, олардың қайталануы орынды сұрақтар туындатады.
2024 жылы республика бойынша 18 жаппай улану оқиғасы тіркеліп, 700-ден астам адам зардап шеккен (оның 500-ден астамы – балалар). Осы жағдай аясында Ақмола облысында профилактика шаралары күшейтіліп отыр. Наурыз айынан бастап әлеуметтік желілер, тікелей эфирлер, семинарлар мен дәрістерді қамтыған кең көлемді ақпараттық науқан басталды. Сонымен қатар, рұқсатсыз жарнама таратушы балалар лагерьлеріне мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Дегенмен, барлық түсіндіру шараларына, облыс әкімдігі, прокуратура және бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен үйлестіру жиналыстарына қарамастан, мәселе шешімін таппай тұр. Соңғы жағдай мамыр айының соңында – барлық жиындар мен бақылау туралы мәлімдемелерден кейін орын алды. Бұл оқиға тек жергілікті атқарушыларға ғана емес, рұқсат беру, мониторинг жүргізу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүйесіне де сын тудырып отыр. Жоспарда көрсетілмеген, келісімсіз өткізілген футбол турнирі де алаңдатады – бұл жазғы демалыс нарығындағы «көлеңкелі» қызметке толық бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
Бүгінгі күні облыста ресми түрде рұқсат алған 6 балалар лагері жұмыс істеуде. Олардың тізімі санитариялық қызметтің ресми сайтындағы арнайы парақшада жарияланып тұрады. Алайда негізгі қауіп – дәл осы рұқсатсыз демалыс базаларында, бейресми лагерьлер мен лицензиясыз қызмет көрсететін асханаларда жатыр.
Тамақтан улану оқиғалары, тіпті қайғылы салдарға әкеп соқпаса да, «жаздың үйреншікті статистикасы» ретінде қабылданбауы тиіс. Әрбір жағдай – ата-ананың сеніміне сызат түсіретін, баланың денсаулығына қауіп төндіретін және бүкіл жүйеге сын болатын елеулі сынақ. Профилактикалық жұмыстар нақты қауіптердің алдын ора алмаған жағдайда, кез келген ақпараттық науқан жай ғана формалдылық болып қала бермек.
В Акмолинской области вновь напомнили о хрупкости санитарной безопасности — особенно в летний сезон. В конце мая в Бурабайском районе зафиксировано очередное массовое пищевое отравление: пострадали 18 детей, четверо из которых были госпитализированы в инфекционное отделение Кокшетау. Первоначально врачи заподозрили бактериальную кишечную инфекцию, но позднее диагноз был уточнён как вирусный энтерит. Это не просто тревожный эпизод, а симптом системных проблем в организации детского досуга и общественного питания.
За последние три года в регионе зарегистрировано восемь случаев массовых отравлений — география охватывает Бурабай, Косшы и Кокшетау. Пострадали десятки людей, включая детей. И хотя масштабы этих инцидентов не столь катастрофичны, как в ряде других регионов страны, сам факт повторяемости вызывает обоснованные вопросы.
На фоне официальной статистики, согласно которой в 2024 году по стране зафиксировано 18 вспышек с участием более 700 человек (из них свыше 500 — дети), в Акмолинской области предпринимаются усилия по усилению профилактики. В марте началась масштабная информационная кампания, охватившая соцсети, прямые эфиры, семинары, лекции. Параллельно проводятся проверки, мониторинг нелегальной рекламы детских лагерей и консультации с представителями бизнеса.
И всё же, несмотря на разъяснительную работу и координационные совещания с участием акимата, прокуратуры и бизнеса, проблема остаётся. Последний случай произошёл в конце мая — после всех совещаний, семинаров и заявлений о контроле. Это поднимает острые вопросы не только к исполнителям на местах, но и к системе разрешений, мониторинга и межведомственного взаимодействия. Не указанный в списке футбольный турнир, проведение которого не было согласовано, тоже вызывает тревогу — как и отсутствие полного контроля за «серой» стороной рынка летнего отдыха.
На сегодня в области функционируют шесть официально разрешённых детских лагерей. Их перечень публикуется на специальной вкладке сайта санитарной службы. Но именно в теневом секторе — в неофициальных базах отдыха, стихийных лагерях и кейтерингах без лицензии — кроется главный риск.
Пищевые отравления, пусть даже без трагических последствий, не должны восприниматься как «летняя статистика». Каждый случай — это нарушенное доверие родителей, испытание для ребёнка и вызов для всей системы. Пока профилактика не перестанет отставать от реальных угроз, любая кампания останется лишь формальностью.