«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жасанды интеллект көмегімен «Алтын қордағы» аудиоертегілерден анимациялық фильм шығара бастады

Осылайша, «Алтын қорға» жарты ғасыр бұрын жазылған кейбір ертегілер қазіргі кішкентай көрермендердің сұранысына сай қайта ұсынылмақ.

Жасанды интеллект көмегімен алғашқылардың бірі болып «Аю мен түлкі» халық ертегісі анимацияланды. Бұл ертегі жуырда ғана Корпорация шығарған «Асыл мұра» аудиожинағындағы ең таңдаулы 100 ертегінің қатарына енген.

Телерадиокорпорация мамандарының толықтай жасанды интеллект технологиясымен жасап шыққан балалар контенті алдағы уақытта «Balapan» телеаранасының эфирінен тұрақты түрде көрсетіледі. Ертегі желісімен жасалған алғашқы «Аю мен түлкі» анимациялық фильмі ертең 1 мамыр 08:40-та эфирде шығады.

Қазіргі уақытта жасанды интеллект технологиясымен Корпорацияның аймақтық телеарналары да контент өндіре бастады.

By admin

Читайте также