Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық акциялар жалғасуда
2025 жылғы 29 сәуірде Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық іс-шаралар өтті. Акциялар Бурабай ауданына қарасты Қатаркөл көлінде және Степногорск қаласында ұйымдастырылды. Бұл бастама экологиялық ахуалды жақсартуға, табиғи мұраны сақтауға және азаматтар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Бурабай ауданында қатысушыларды жинау Қатаркөл ауылындағы Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің базасында өтті. Нұсқаулық алғаннан кейін волонтерлер мен қатысушылар ұйымдасқан түрде Қатаркөл көліне барып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Акцияға 300-ден астам адам қатысып, 300-ден астам қап қоқыс жиналды. Ал Степногорск қаласында осы күні белсенді тұрғындар, қалалық мәслихат депутаттары және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері 4-шағын ауданның артындағы орман алқабын тазалады.
Өткен жылы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақмола облысында жастардың қатысуымен 2970-тен астам экологиялық акция өткізілді. Бұл іс-шаралар облыстың барлық өңірлерін қамтыды: Бурабай, Целиноград, Аршалы, Зеренді, Жарқайың, Атбасар, Сандықтау, Қорғалжын, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Ақкөл, Біржан сал, Астрахан, Шортанды аудандары мен Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалалары.
Жалпы алғанда, акцияларға 320 мыңға жуық жас қатысып, бұл жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жоғары деңгейде атсалысып отырғанын айқын көрсетеді.
Экологиялық іс-шаралар 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында әзірленген облыстық іс-қимыл жоспары бойынша жүзеге асырылуда. 2025 жылдың басынан бері бұл шараларға облыс бойынша 119 мыңнан астам тұрғын қатысты. Сегіз мыңға жуық аулалық аумақ тазартылып, 350-ден астам саябақ пен сквер абаттандырылды, 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер ретке келтірілді. Жалпы алғанда 42 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Бағдарламаның маңызды бөлігі – көгалдандыру бойынша кең көлемді кампания. Биыл 2000 гектар аумаққа 14 миллион ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 340 гектар жерге 2,3 миллионнан астам көшет егілді. Бұл көрсеткіштер – өңір тұрғындарының табиғатты сақтау мен экологиялық жағдайды жақсартуға деген шынайы ниетінің дәлелі.
Жұмыс жергілікті жерлерде де, цифрлық құралдар арқылы да белсенді жүргізілуде. Азаматтар «Таза Қазақстан» телеграм-боты арқылы санитарлық тазалық және көгалдандыру мәселелері бойынша өтініштер жібере алады. Жыл басынан бері 93 өтініш түсіп, олардың басым бөлігі сәтті орындалды. Әлеуметтік желілерде жарияланған 500-ден астам материал бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы халықты хабардар етіп, жаңа қатысушыларды тартуға ықпал етуде.

В Акмолинской области продолжаются масштабные экологические акции в рамках программы «Таза Қазақстан»
Сегодня, 29 апреля текущего года в Акмолинской области прошли масштабные экологические мероприятия в рамках программы «Таза Қазақстан». Акции состоялись на озере Катарколь в Бурабайском районе и в городе Степногорске. Инициатива направлена на улучшение экологической ситуации, сохранение природного наследия и формирование культуры бережного отношения к окружающей среде среди граждан.
В Бурабайском районе сбор участников был организован на базе Высшего колледжа ветеринарии и биотехнологии села Катарколь. После инструктажа волонтёры и участники организованными группами отправились на озеро Катарколь, где провели уборку территории. К акции присоединились более 300 человек, собравших свыше 300 мешков мусора. В Степногорске в этот день неравнодушные жители, депутаты городского маслихата и сотрудники местных исполнительных органов очистили лесной массив за 4 микрорайоном.
В прошлом году в рамках программы «Таза Қазақстан» в Акмолинской области проведено свыше 2970 экологических акций с участием молодежи. Мероприятия охватили все районы области — Бурабайский, Целиноградский, Аршалынский, Зерендинский, Жаркаинский, Атбасарский, Сандыктауский, Коргалжынский, Буландынский, Есильский, Ерейментауский, Аккольский, Биржан сал, Астраханский, Шортандинский, а также города Косшы, Степногорск и Кокшетау. В общей сложности в акциях приняли участие около 320 тысяч молодых людей, что подтверждает высокий уровень вовлеченности молодежи в вопросы охраны окружающей среды.
Экологические акции проходят в рамках областного Плана действий, разработанного во исполнение Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» на 2024–2029 годы. Проведена уборка почти восьми тысяч дворовых территорий, благоустроено свыше 350 парков и скверов, приведено в порядок более 300 историко-культурных памятников. В общей сложности вывезено около 42 тысяч тонн мусора.
Важной частью программы является масштабная кампания по озеленению. В этом году планируется высадить 14 миллионов деревьев на площади 2000 гектаров. На сегодняшний день уже высажено более 2,3 миллиона сеянцев на 340 гектарах. Эти результаты подтверждают искреннее стремление жителей региона сохранить природу и улучшить экологический климат.
Работа активно поддерживается как на местах, так и через цифровые инструменты. Через телеграм-бот «Таза Қазақстан» граждане могут направлять обращения по вопросам санитарной очистки и озеленения. С начала года поступило 93 заявки, из которых большая часть успешно исполнена. Более 500 публикаций в социальных сетях информируют население о ходе реализации программы и способствуют привлечению новых участников.

By admin

Читайте также