Жарқайың ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша оқу-жаттығулар өткізілді
Жарқайың ауданы әкімдігінің бастамасымен Державинск қаласында су тасқыны кезеңіне дайындыққа бағытталған жоспардан тыс оқу-жаттығулар өтті. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар қызметтері мен ұйымдарының су тасқынына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығуларға 40 адам мен 24 арнайы техника бірлігі қатысты. Әртүрлі сценарийлер пысықталды, оның ішінде қорғаныс құрылыстарын нығайту, жедел қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру және халықты хабардар ету шаралары қарастырылды. Іс-шара барысында ауданның коммуналдық қызметтері мен бірқатар ұйымдар, соның ішінде «999» ЖК, «Ивахненко» ЖК, «Байсан» ЖШС, «Союз» ұйымы, «Гончаров» ЖК, «Арка-к» ЖШС қорғаныс бөгеттерін күшейту жұмыстарын жүргізді.
«Бұл оқу-жаттығулар күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге, өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға және мүмкін болатын әлсіз тұстарды жоюға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз кез келген жағдайға дайын болу», – деп атап өтті Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков.
Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп қызметтері су басу қаупі бар аймақтардағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, эвакуациялау шараларын пысықтады.
«Атқарылып жатқан жұмыс 2025 жылғы су тасқынына дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз әртүрлі сценарийлерді сынақтан өткізіп, талдау жасаймыз. Болашақта осындай оқу-жаттығулар жалғасады, оның ішінде Пригород ауылында да өткізіледі», – деп атап өтті Жарқайың ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы Әділхан Қалымтай.
Жарқайың ауданы әкімдігі су тасқыны қаупін азайту және төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындық деңгейін арттыру бойынша кешенді жұмыстарды жалғастырады.
В Жаркаинском районе проведены учения по подготовке к паводковому периоду
По инициативе акимата Жаркаинского района в городе Державинске прошли внеплановые учения, направленные на подготовку к паводковому периоду. Основной целью мероприятий стала проверка готовности экстренных служб и организаций к ликвидации возможных чрезвычайных ситуаций, связанных с паводками.
В учениях приняли участие 40 человек и 24 единицы специализированной техники. Были отработаны различные сценарии, включающие укрепление защитных сооружений, координацию действий оперативных служб и оповещение населения. В рамках мероприятий коммунальные службы района, а также ряд организаций, включая ИП «999», ИП «Ивахненко», ТОО «Байсан», организация «Союз», ИП «Гончаров», ТОО «Арка-к» провели работы по усилению защитных валов.
«Эти учения позволяют нам проверить готовность сил и средств, отработать алгоритмы взаимодействия и устранить возможные слабые места. Наша задача быть готовыми к любому развитию событий», — отметил аким Жаркаинского района Ербол Жусупбеков.
Также службы общественного порядка провели разъяснительную работу с жителями, находящимися в зоне потенциального подтопления, и отработали работы эвакуации.
«Проводимая работа позволит повысить уровень подготовки к паводкам 2025 года. Мы тестируем различные сценарии и анализируем. В дальнейшем подобные учения будут продолжены, в том числе и в селе Пригородное», — подчеркнул руководитель отдела по мобилизационной подготовке, гражданской обороне и чрезвычайным ситуациям аппарата акима Жаркаинского района Адильхан Калымтай.
Акимат Жаркаинского района продолжит комплексную работу по снижению рисков паводков и повышению уровня готовности экстренных служб.