Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) жанармай құю станцияларында (ЖҚС) жанармайдың кем берілуі мүмкін екендігі туралы әлеуметтік желілердегі көптеген жарияланымдарға байланысты келесіні түсіндіреді.

Департамент «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады.

Заңның 19-бабына сәйкес, барлық отын тарату кешендері аккредиттелген заңды тұлғалар тарапынан аттестатталған тексерушілерді тарта отырып, тұрақты тексеруден өтуі тиіс. Жанармайдың нақты көлемінің көрсетілген мөлшерге сәйкес келмеуі міндетті метрологиялық талаптардың бұзылуы болып табылады.

Егер осындай заңбұзушылықтар анықталса, ЖҚС иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 419-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл санкциялары субъектінің санатына байланысты 230-дан 1600 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде қарастырылған.

Жанармай көлемінің кем берілуіне тап болған азаматтар Ақмола облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментіне келесі мекенжай бойынша жүгіне алады:
📍 Көкшетау қаласы, Ауельбеков көшесі, 117-ғимарат, 2-қабат, 24-кабинет
📞 Тел.: 8 (7162) 25-57-89, 25-78-12
📧 E-mail: akmoladktrm@mail.ru
💻 e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы да шағымдануға болады.

Бұл жағдайда фискалдық чекті сақтау, фото/видео түсіру, ЖҚС мекенжайын жазып алу маңызды, себебі дәлелдерсіз заңбұзушылықты растау қиын болады.

Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по Акмолинской области (далее – Департамент) в связи с многочисленными публикациями в социальных сетях о возможных случаях недолива топлива на автозаправочных станциях (АЗС) разъясняет следующее.

Департамент осуществляет государственный метрологический контроль в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обеспечении единства измерений» (далее – Закон).

Согласно статье 19 Закона, все топливораздаточные комплексы должны проходить регулярную поверку, которую проводят аккредитованные юридические лица с привлечением аттестованных поверителей. Несоответствие фактического объема отпускаемого топлива заявленным показателям является нарушением обязательных метрологических требований.

В случае выявления нарушений владельцы АЗС несут административную ответственность в соответствии со статьей 419 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях. Штрафные санкции варьируются от 230 до 1600 месячных расчетных показателей (МРП) в зависимости от категории субъекта.

Граждане, столкнувшиеся с фактами недолива топлива, могут обратиться в Департамент Комитета технического регулирования и метрологии по Акмолинской области по адресу: г. Кокшетау, ул. Ауельбекова, здание 117, 2 этаж, 24 кабинет,
тел.: 8 (7162) 25-57-89, 25-78-12,
e-mail: akmoladktrm@mail.ru,
а также через информационную систему e-Otinish.

В этом случае важно сохранить фискальный чек, сделать фото/видео, записать адрес АЗС, так как без доказательств подтвердить нарушение будет сложно.

By admin

Читайте также