«Таза Қазақстан» акциясы: Ақмола облысында 51 мың тонна қоқыс шығарылды және 115 мың ағаш отырғызылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жүзеге асырыла бастағанына биыл бір жыл болады. Тұрғын үйлерді тазалау және абаттандыруға бағытталған акция ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналып, азаматтарды, бизнесті және мемлекеттік органдарды біріктірді. Акцияның қорытындылары туралы Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының орынбасары Марат Жүнісов пен табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының орынбасары Айтжан Құсманава брифинг барысында баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Ақмола облысында экологиялық акция аясында 2024-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Акция басталған сәттен бастап 280 мыңнан астам адам қатысып, 5 мыңнан астам кәсіпорын қолдау көрсетті. Бірлескен күш-жігермен өткен жылы 74 мыңнан астам аула аумағы тазартылып, 758 саябақ пен алаң абаттандырылды, 403 стихиялық қоқыс орны жойылды.
Жалпы 51 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Әлеуметтік маңызы бар жұмыстардың бірі ретінде елді мекендерді көгалдандыру аталды: өткен жылы 115 мыңға жуық ағаш пен бұта көшеттері отырғызылды.
«Акцияны халыққа қолжетімді ету үшін бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде «Таза Қазақстан» ақпараттық платформасы енгізілді. Бұл платформа арқылы тұрғындар санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру мәселелері бойынша өтініштерін жібере алады. Платформа іске қосылғаннан бері 173 өтініш түсті, оның 157-сі жедел түрде орындалды. Қыс мезгілінде платформаның мүмкіндіктері кеңейтіліп, қарды тазалау, мұзды жою және тұз себу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қосылды», – деп атап өтті Ақмола облысының энергетика және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының орынбасары Марат Жүнісов.
Аршалы ауданында 6 мың ағаш, Атбасар ауданында 680 ағаш, Егіндікөл ауданында 40 ағаш отырғызылды. Тек 5 қазанда облыс аумағында 3 мыңнан астам көшет отырғызылды. 17 қазанда Ақмола облысының әкімі қатысуымен Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағалауында 1,5 мың ағаш отырғызу акциясы өтті.
Жалпы, облыста соңғы 4 жылда 56 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Биыл 14 миллион ағаш отырғызу жоспарланған. Ал алдағы үш жылда 95 миллион ағаш отырғызу көзделіп отыр.
Итоги экологической акции «Таза Қазақстан» подвели в Акмолинской области
В апреле прошлого года Глава государства инициировал республиканскую экологическую акцию «Таза Қазақстан», поставив задачу усилить работу по очистке и благоустройству населенных пунктов. За короткий срок эта инициатива превратилась в масштабное общественное движение, объединившее граждан, бизнес и государственные органы. Об итогах акции на брифинге рассказали замруководителя облуправления энергетики и ЖКХ Марат Жунусов и замруководителя облуправления природных ресурсов и регулирования природопользования Айтжан Кусманова, передает Региональная служба коммуникаций.
В Акмолинской области в рамках экоакции был разработан План действий на 2024-2029 годы. С момента запуска акции участие в мероприятиях приняли более 280 тысяч человек, поддержку оказали более 5 тысяч предприятий. Совместными усилиями в прошлом году проведена уборка свыше 74 тысяч дворовых территорий, приведены в порядок 758 парковых зон и скверов, ликвидированы 403 стихийные свалки. Всего собрано и вывезено более 51 тысячи тонн мусора. Важной частью работы стало озеленение населенных пунктов: за год высажено почти 115 тысяч саженцев деревьев и кустарников.
“Одним из инструментов, сделавших акцию более доступной для граждан, стала информационная платформа «Таза Қазақстан». Жители региона могут подавать через нее обращения, связанные с санитарной очисткой, озеленением и благоустройством. С момента запуска поступило 173 заявки, из которых 157 были оперативно выполнены. В зимний период функционал платформы расширился, добавились категории для решения проблем с уборкой снега, удалением наледи и противогололедными мерами”, — рассказал замруководителя облуправления энергетики и ЖКХ Марат Жунусов.
Так, в Аршалынском районе посадили 6 тысяч деревьев, в Атбасарском – 680, в Егиндыкольском – 40 штук. Только 5 октября на территории Акмолинской области высадили более 3 тысяч саженцев. 17 октября с участием акима Акмолинской области прошла акция по посадке 1,5 тысяч деревьев на территории набережной озера Копа в городе Кокшетау.
В целом, в области за последние 4 года высажено 56 млн штук деревьев. В текущем году планируется посадка 14 млн. В ближайшие три года план – 95 млн зеленых насаждений.