Рекордтар «әткеншегі»: Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін жеткізуді 50%-ға дейін арттыру жолында
Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін 50%-ға дейін
жекізуді көздеуде
Ақмола облысы: мал шаруашылығындағы инновациялық шешімдер серпілісі
Ақмола облысы биік мақсаттарға жету жолында озық технологияларды енгізе отырып, сүтті мал шаруашылығындағы инновацияларға баса мән беруде.
Бүгін «Агрофирма «Родина» ЖШС-де Қазақстанда ғана емес, күллі Орталық Азияда баламасы жоқ «Әткеншек» кешені іске қосылды.
Мақсаты бойынша — бұл ірі қара малы бар фермалар үшін таптырмас шешім. Бір реттік сыйымдылығы 80 бас болатын роботтық жүйе мүмкіндіктеріне сәйкес, 5 сағат ішінде 2000 сиырға қызмет көрсетеді, бұл өз кезегінде оператордың көп күш жұмсауын қажет етпейді.
Аталған жүйеде қарастырылған инновациялық шешімдер, тіпті осы саладағы мамандарды таң қалдыруда. Жануардың жайлылығына айтарлықтай рөл берілген. Ең алдымен бұл түрлі аурулардың алдын алатын тұяқтарды үнемі емдеуге арналған, автоматты тұяқ ванналары.
Сүттің сапасы жануарларды саууға дайындау сапасына, әсіресе сүт безі мен сауу емізіктерінің тазалығына тікелей байланысты. Сауын залының мүмкіндіктері бұл мәселеде де адамға көмекке келуге мүмкіндік береді. Ол үшін кешенде диетаны оңтайландыруға және жануарлардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін сиырлардың тамақтану камерасы бар. Сиырлардың ұрықтану кезеңін анықтау датчиктері ұрықтандыруды жоспарлауға және табынның репродуктивтілігін арттыруға көмектеседі. Сауғаннан кейін сиырлардың желінін өңдейтін арнайы робот, маститтің алдын-алу процедураларын жүргізеді, дезинфекциялық құралдарды дәл қолдануды қамтамасыз етеді. Суару және салқындату жүйесі ыстық маусымда жануарларға қолайлы микроклиматты қамтамасыз етіп, олардың өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Бұдан бөлек, сүттің емдік қасиеттерін сақтау үшін, тұтынушылардың сұраныстары өте маңызды екеніне де назар аударылады. Сүтті сақтауға арналған сыртқы тік қоймалар сүтті қайта өңдеуге дейін оның сапасын сақтай отырып, қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді. Сүтті ағынмен салқындату жүйесі оның балғындығын сақтайды және бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Су мен жылуды қалпына келтіру жүйесі суды жылыту үшін сүтті салқындату процесінде бөлінетін жылуды қолдана отырып, энергия шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Халық арасында «мега-әткеншек» деп аталатын кешенді іске қосу – Президенттің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70% — ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы маңызды қадам болмақ.
Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы облыс аграрларын қолдаудың тиімді құралына айналды. Өткен жылы несие қаражатының арқасында өңірде 5,4 мың бас ірі қара малға арналған 5 ірі сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. 2025 жылы 1,2 мың басқа тағы 2 СТФ-ны іске қосу жоспарлануда.
Аталған шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл өсім өңірге елорда тұрғындарын 50%-ға сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.
«Карусель» рекордов: Акмолинская область на пути к увеличению поставок молочной продукции в столицу до 50%
Акмолинская область претендует на поставку молочной продукции в столицу до 50%
Акмолинская область: прорыв в инновационном решении в животноводстве
Акмолинская область делает ставку на инновации в молочном животноводстве, внедряя передовые технологии для достижения амбициозных целей.
Сегодня в ТОО «Агрофирма «Родина» состоялся запуск комплекса «Карусель», не имеющего аналогов не только в Казахстане, но и в Центральной Азии.
По своему назначению — это отличное решение для животноводческих ферм с большим поголовьем крупного рогатого скота. По своим возможностям роботизированная система способна обслуживать 2000 коров за 5 часов с единовременной вместимостью 80 голов, поэтому от оператора требуется минимальное количество усилий.
Инновационные решения, предусмотренные в данной системе, впечатляют даже профессионалов в этой сфере. Уделена немалая роль комфорту животного. Это автоматические копытные ванны для регулярной обработки копыт, предотвращающие заболевания.
Качество молока напрямую зависит и от качества подготовки животных к доению, от чистоты молочной железы и доильных сосков в частности. Возможности доильного зала позволяют и в этом вопросе прийти на помощь человеку. Камера упитанности коров, позволяющая оптимизировать рацион питания и поддерживать здоровье животных. Датчики выявления коров в охоте помогают планировать осеменение и повышать репродуктивность стада. Робот обработки вымени коров после доения проводит процедуры для профилактики мастита, обеспечивает точное и гигиеничное нанесение дезинфицирующих средств. Система орошения и охлаждения, обеспечивает комфортный микроклимат для животных в жаркое время года способствует повышению их продуктивности.
И, конечно, для сохранения целебных свойств молока уделяется внимание, что так важно запросам потребителей. Наружные вертикальные танки для хранения молока обеспечивают безопасное хранение молока с сохранением его качества до переработки. Система охлаждения молока в потоке сохраняет его свежесть и предотвращает размножение бактерий. Система рекупирации воды и тепла, позволяет снизить затраты на энергоресурсы, используя тепло, выделяемое в процессе охлаждения молока, для нагрева воды.
Запуск называемой в народе «мега-карусели» – важный шаг в реализации поручения Президента страны по увеличению доли переработанной сельхозпродукции до 70%.
Программа льготного кредитования инвестиционных проектов стала эффективным инструментом поддержки аграриев области. В прошлом году, благодаря выделению кредитных средств, в регионе введены в эксплуатацию 5 крупных молочно-товарных ферм на 5,4 тыс. голов КРС. В 2025 году планируется запуск еще 2 МТФ на 1,2 тысяч голов.
К слову, данные меры позволят Акмолинской области увеличить производство товарного молока на 40 тыс. тонн или в 1,5 раза, от 90 до 130 тысяч тонн. Что в свою очередь, в перспективе открывает региону возможность обеспечивать молочной продукцией жителей столицы на 50%.