«Рекордтар каруселі»: Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін жеткізуді 50%-ға дейін арттыруды көздейді

 

Ақмола облысы сүтті мал шаруашылығында инновацияларға басымдық беріп, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқылы биік мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сауу цехының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин және облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.

DeLaval швед бренді ұсынған роботтандырылған сауу каруселі жүйесі 5 сағат ішінде 2000 сиырды саууға қабілетті және бір уақытта 80 сиырды қабылдай алады. Бұл жүйені бір ауысымда бар болғаны 12 қызметкер басқарады, осылайша оператордың еңбегі барынша азаяды. Сондай ақ күн сайын әр қара мал отыз литрден астам сүт берсе, бүгінде бұл көрсеткіштің  рекордын 86  литр сүт берген сиыр орнатты.

Шаруашылықта жануарлардың жайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Атап айтар болса,  тұяқтар мен желіні өңделеді, арнайы датчиктер сиырлардың тамақтану рационын қадағалап, олардың денсаулығын бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, кешеннің іске қосылуы – Мемлекет басшысының өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.

«Біздің алдымызда сүт өнімдерін елордаға жеткізуді 50%-ға дейін арттыру міндеті тұр. Бұл үшін өңірде жаңа өндірістер құрылып, қолданыстағылары кеңейтілуде. Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы тиімді қолдау құралына айналды», – деп атап өтті Мұрат Балпан.

Аталған шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл өсім өңірге елорда тұрғындарын 50%-ға сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.

Өткен жылы өңірде жалпы саны 4,9 мың бас малға арналған бес ірі сүт-тауарлы ферма құрылды. Биыл өңірде тағы 1,2 мың басқа арналған 2 ферма іске қосу жоспарлануда. Бұл – Ақмола облысының тауарлы сүт өндірісін 1,5 есеге арттырып, астаналықтарды сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы қадамдар.

 

 

«Карусель» рекордов: Акмолинская область на пути к увеличению поставок молочной продукции в столицу до 50%

 

Акмолинская область делает ставку на инновации в молочном животноводстве, внедряя передовые технологии для достижения амбициозных целей.

В ТОО «Агрофирма «Родина» Целиноградского района состоялось открытие доильного цеха, не имеющего аналогов не только в Казахстане, но и в Центральной Азии. В мероприятии приняли участие вице-министр сельского хозяйства Амангалий Бердалин и заместитель акима области Мурат Балпан.

Роботизированная система доильной карусели шведского бренда DeLaval способна обслуживать 2000 коров за 5 часов с единовременной вместимостью 80 голов, поэтому от оператора требуется минимальное количество усилий, в одну смену установку обслуживают всего 12 человек.

Уделена немалая роль комфорту животного: проводится обработка копыт и вымени, датчики следят за рационом питания и помогают поддерживать здоровье животных.

Запуск комплекса – важный шаг в реализации поручения Президента страны по увеличению доли переработанной сельхозпродукции до 70%.

«Перед нами стоит задача по увеличению поставок молочной продукции в столицу до 50%. Для этого в области создаются новые и расширяются действующие производства. Эффективным инструментом поддержки послужила программа льготного кредитования инвестиционных проектов», – отметил Мурат Балпан.

Данные меры позволят Акмолинской области увеличить производство товарного молока на 40 тыс. тонн или в 1,5 раза, от 90 до 130 тысяч тонн. Что в свою очередь, в перспективе  открывает региону возможность обеспечивать молочной продукцией жителей  столицы на 50%.

В прошлом году было создано пять крупных молочно-товарных ферм, мощностью порядка 4,9 тысяч голов скота. В этом году в регионе планируется запуск еще 2 МТФ на 1,2 тысяч голов. Это первые шаги в регионе, которые позволят Акмолинской области увеличить в полтора раза количество товарного молока от 90 до 130 тысяч тон и снабжать свежим, экологически чистым продуктом астанчан.

By admin

Читайте также