Шоқыну мерекесі: қандай сақтық шараларын есте ұстаған жөн
Ақмола облысында дәстүрлі Шоқыну мерекесінде суға шомылуға арналған 41 ресми орын дайындалды. Жергілікті және төтенше жағдайлар органдары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қарастырды. Бұл туралы Ақмола облысы орыс қоғамдастығының төрағасы Александр Артеменко, Көкшетау және Ақмола епархиясының діни қызметкері, епархия басқармасының хатшысы Валерий Анферов және ТЖ басқармасының орынбасары Диас Әмірханов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Жыл сайын 18 мен 19 қаңтар аралығында облыста шомылу рәсіміне арналған іс-шаралар өткізіледі. Қыстың суық кезінде де бұл дәстүрлі шараға жыл сайын 18 мыңнан астам ақмолалық қатысады. Іс-шараларды ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Облыс бойынша 41 ресми шомылу орны дайындалады. Бұл орындар Көкшетау, Бурабай, Зеренді және басқа да аудандарда орналасады. Әрбір шомылу орны жылыту пункттерімен, киіну палаталарымен және құтқару құралдарымен жабдықталады. Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция мен медицина қызметкерлерінің мамандары шомылу орындарында кезекшілік атқарады. Барлығы 200-ден астам адам мен 63 техника бірлігі жұмылдырылады. Адамдарды судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді», — деп атап өтті ТЖ басқармасының орынбасары Диас Әмірханов.
Шомылу орындарындағы мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы тиіс. Прорубтер қоршаулармен, ағаш қоршамалармен, төсеніштермен және құтқару құралдарымен жабдықталады. Шомылу тек арнайы дайындалған орындарда ғана жүргізілуі қажет. Егер шомылу орындары белгіленген жерлерден тыс болса, құқық бұзушыларға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Спиикерлер шомылуға кірер алдында денені жылытып, тайғақ емес аяқ киім кию қажеттігін айтты. Суға шамамен бір минуттан артық бармау ұсынылады. Шомылудан кейін ағзаны тез арада ыстық шай ішіп, құрғақ киіммен жылыту керек.
Дәрігерлер мұзды суға шомылу үшін жүрек-қан тамырлары, эндокриндік және жүйке жүйесі, тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға шомылуға болмайтынын ескертеді.
Діни қызметкердің айтуынша Көкшетауда су рәсімі екі храмда өтеді. Воскресение Христово кафедралды шіркеуінде су тек келушілер әкелген ыдыстарда ғана қасиеттеледі. Михаило-Архангельский храмында қасиетті су халыққа таратылады. Су қасиеттеу рәсімдері 18 қаңтарда сағат 17:00-де және 19 қаңтарда сағат 7:30-да өтеді. Шомылу рәсімі Көкшетауда архиепископ Серапионның қатысуымен 18 қаңтарда сағат 21:00-де басталып, 19 қаңтарда сағат 21:00-де аяқталады.
Өңір тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, рәсімдерге қатысуға денсаулық пен қауіпсіздік тұрғысынан жауапкершілікпен қарау ұсынылады.
Как пройдет “Крещение Господне” в Акмолинской области
Каждый год с 18 по 19 января на водоёмах Акмолинской области проходят массовые мероприятия, приуроченные к празднованию “Крещения Господне”. Главным обрядом становится купание в ледяной воде. Несмотря на морозную погоду, ежегодно около 18 тысяч акмолинцев участвуют в этом традиционном событии. О подготовке к мероприятию рассказали председатель Русской общины Акмолинской области Александр Артеменко, священник, секретарь епархиального управления Кокшетауской и Акмолинской епархии Валерий Анфёров, и.о. начальника управления гражданской обороны Диас Амирханов.
Для обеспечения безопасности организаторы совместно с местными исполнительными органами проводят масштабную подготовку. На территории области будет оборудовано 41 официальное место для купаний. Проруби расположатся в разных районах, включая Кокшетау, Бурабайский и Зерендинский районы. Каждое место купания оснащено пунктами обогрева, палатками для переодевания и средствами спасения.
“Сотрудники Департамента по ЧС, полиции и медицинских служб будут дежурить у прорубей. Всего задействовано более 200 человек и около 63 единиц техники. Особое внимание уделяется информированию граждан о правилах безопасного поведения у воды”, — отметил и.о. начальника управления гражданской обороны Диас Амирханов.
Согласно установленным требованиям, толщина льда на местах купаний должна составлять не менее 25 сантиметров. Проруби оборудуются ограждениями, деревянными перилами, настилами и средствами спасения.
“Купаться следует только в специально оборудованных местах. В случае выявления прорубей в неустановленных местах нарушителей ждет штраф в размере 7 МРП. Перед погружением необходимо разогреть тело, надеть нескользкую обувь, а находиться в воде рекомендуется не более одной минуты. После купания важно согреться горячим чаем и переодеться в сухую одежду”, — добавил спикер.
В прошлом такие меры позволили избежать множества несчастных случаев, однако трагедия 2022 года в Ленинградской области, когда женщину унесло течением в самодельной проруби, подчеркивает необходимость строгого соблюдения правил.
Медики напоминают о противопоказаниях к купанию в проруби для людей с хроническими заболеваниями сердечно-сосудистой, эндокринной и нервной систем, а также органов дыхания.
В рамках празднования в Кокшетау освящение воды будет проходить в двух храмах.
“В кафедральном соборе Воскресения Христова вода будет освящаться исключительно в сосудах, которые принесут горожане. В Михаило-Архангельском храме будет организована массовая раздача освящённой воды. Освещение состоится на службах 18 января в 17:00 и 19 января в 7:30”, — рассказал священник Валерий Анфёров.
Купания в иордани, освящённой архиепископом Кокшетауским и Акмолинским Серапионом, начнутся 18 января в 21:00 и завершатся 19 января в 21:00.
Жителям региона рекомендуется соблюдать меры предосторожности и подходить к участию в обрядах осознанно, заботясь о своём здоровье и безопасности.