*Ақмола облысында 750-ден астам су айдыны бақылауға алынды* 1 маусымнан бастап Ақмола облысында ресми түрде шомылу маусымы басталады. Өңірдегі 754 су айдынында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Бұл туралы брифинг барысында Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Аслан Нұрқанов мәлімдеді. Биылғы маусымда төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін 102 құтқарушы, 19 бірлік техника және 32 жүзу құралы тұрақты дайындыққа келтірілген. Мамандар қажетті сүңгуір жабдықтарымен толық жарақтандырылған. Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Аслан Нұрқановтың айтуынша, қауіпсіздік мәселесінде ең алдымен балалардың қорғалуына ерекше мән беріледі: «Оқу жылының аяқталуымен балалар су жағасында жиі болады. Сондықтан біз тек…
Апр
30
2026
