*Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты* Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрық үстіміздегі жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енді. Түзетулер материалдық қамтамасыз етудің жекелеген нормаларын нақтылауға және төлемдерді есептеу тәртібін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, қағидаларға «істер мен лауазымды қабылдау күні» және «істер мен лауазымды тапсыру күні» деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл күндер командирдің бұйрығымен бекітіліп, ақшалай үлесті есептеу кезінде қолданылады. Жекелеген төлемдерді есептеу тәртібі де нақтыланды. Мәселен, әскери қызметтен теріс себептермен босатылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы енді айдағы нақты күнтізбелік күндер санына…
Апр
30
2026
