*Жаңа буын реакторларының қауіпсіздігі бойынша зерттеулер: Қазақстанның жаһандық атом ғылымындағы рөлі қандай*
Әлемдік энергетикада қауіпсіздігі жоғары әрі көпфункционалды жаңа буын реакторларына көшу үрдісі белсенді қарқын алып келеді. Еліміз ядролық технологияларды жай ғана тұтынушы емес, төртінші буын реакторларының қауіпсіздігін әлемдік деңгейде негіздейтін басты серіктеске айналуда. Жаңа буын реакторлары дегеніміз не және олар дәстүрлі энергетикалық реакторлардан несімен ерекшеленеді? Жаңа буын реакторлары қауіпсіздікке, отынды тиімді пайдалануға, қалдықтарды азайтуға, қолдану икемділігіне және тек электр энергиясын ғана емес, өнеркәсіптік жылу, сутегі, суды тұщыландыру және басқа да міндеттер үшін жұмыс істеу мүмкіндігіне көбірек назар аударылатын жобалар. Олар өлшемі, жылутасығыш түрі, отын түрі, температуралық режимі, нейтрондар спектрі және қауіпсіздік тәсілдері бойынша ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, перспективалы бағыттарға шағын модульдік реакторлар,…
