Қайтарылған активтер – балалар игілігіне Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі есептердегі әрбір санның артында нақты тағдырлар мен әлеуметтік әділеттілік тұр. Соның жарқын дәлелі – Шымкент қаласында ашылған жаңа нысан. Бүгін ерекше білім беру қажеттіліктері бар (медициналық көрсеткіштері бойынша) балалар оқитын мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған заманауи жатақхана пайдалануға берілді. Бұған дейін олардың жағдайы мүлдем қолайсыз болған: 1975 жылы салынған ғимарат, орын тапшылығы, инфрақұрылымның тозуы. Нормасы 125 орын болғанымен, онда 290 бала тұрған. Жаңа жатақхананың жалпы ауданы 8288,70 м², 300 орынға арналған және толықтай заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Жалпы аумағы 3,5 гектар жер учаскесінде футбол алаңы (800 м²), воркаут аймағы, ойын алаңдары…
Апр
03
2026
