Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды 📌Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді опера өнері оқу орындарының бірі – «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді. Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды. Солардың қатарында Қазақстанның атынан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар. Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты. Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты…
Июн
24
2025