День: 22.10.2023

«Республика күні – елдігіміздің белгісі»

«Республика күні – елдігіміздің белгісі»

25 қазан - Республика күні, ұлттық мереке. Биыл Республика күні елімізде екінші рет аталып өтілмек. Мұндай мереке әлем халықтарында бар. Әрі ұлық мереке ретінде тойланып жүр. Мереке тарихына тоқтала кетсем, алғаш рет «Республика күні» мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланған болатын. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған…
Подробнее