Сайлау процессін жаңарту
Кез-келген мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін политикалық жаңарту мен модернизациялауды қажет етеді. Осы 2-3 жыл аралығында өткен сайлау, саяси жүйедегі өзгерістерге тоқталатын болсақ: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты ел халқына Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырма берілді. Бұл бастама жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жаппай практикасын енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар пакетін дәйекті іске асыруға бағытталған. Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен 2021-2023 жылдар аралығында 12 ауыл және ауылдық округтердің әкімдерінің тікелей сайлауы өткізілді. Үміткерлердің жалпы саны – 38 адамды құрады. Ағымдағы…