Жарқын болашаққа негіз болған сапар
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл – Қазақстан Президентінің осы елге жасаған биылғы алғашқы сапары. Екі күннің ішінде, яғни 10-11 ақпан күндері Мемлекет басшысы әуелі Мәскеуде, содан кейін Ресейдің қарқынды дамып келе жатқан аймағы – Татарстан Республикасында болды. Egemen Qazaqstan Біздің Президентіміз Владимир Путинмен Мәскеуде жоғары деңгейде мазмұнды, ең бастысы табысты кездесу өткізді. Екі көшбасшының айтуынша, 4 сағаттан астам уақытқа созылған әңгіме Қазақстан мен Ресей арасындағы күн тәртібінде тұрған қазіргі өзекті мәселелерді ашық әрі өзара сенім негізінде талқылауға мүмкіндік берді. Келіссөз форматының ашық болғаны сондай президенттер әлеуметтік ара қашықтықты сақтамай,…