2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау  комиссиясына 7 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды  жүргізгені туралы хабарлар  келіп түсті.

 

 

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

  1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты)— «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);
  2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі— «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
  3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы— Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, «face to face» сұхбат алу әдісі;
  4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы— «face to face»сұхбат әдісі;
  5. Астана — Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А»— дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);
  6. Исследовательская группа DAMU RG— CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing);
  7. «Ашық қоғам» аймақтық  зерттеулер халықаралық институты— дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также