Қазақстанда алаяқтық схемаларына қатысқаны үшін қандай жауапкершілік көзделген
Іс-әрекеттерге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің нормалары қолданылуы мүмкін:
190-бап «Алаяқтық» — біреудің мүлкін ұрлау немесе алдау немесе сенімге кіріп теріс пайдалану арқылы бөтен адамның мүлкіне құқық алу. Бапты бұзғандар он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, мұның бәрі жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты — бір рет, бірнеше рет, адамдар тобымен немесе аса ірі мөлшерде.
214-бап «Заңсыз кәсіпкерлік» — тіркеусіз немесе лицензиясыз, заңды бұза отырып не тыйым салынған салаларда зардап шеккендерге немесе қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға ірі залал келтіруге әкеп соққан кәсіпкерлік қызмет. Бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, мұнда да жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты.
232-1-бап «Банктік шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына рұқсатты заңсыз ұсыну, беру және сатып алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру» — жай айтқанда, адам ақшаны аударуға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектесетін дропперлік. Картаны үшінші тұлғаларға бергені үшін — үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, басқа адамдардың мүддесі үшін аударымдар мен төлемдер үшін — бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Бұдан басқа, «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заң қолданылады, оған сәйкес лотерея билеттерін сатуға және таратуға заңнама шеңберінде ресми өкілеттіктерге ие операторлар мен агенттер ғана құқылы. «Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу» Әкімшілік кодексінің 445-1-бабы бойынша 500-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделген. Ал егер лотерея алаяқтық схемаларда пайдаланылса, онда «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.
