Жиырма жылда үш президент сайлай аламыз – Алуа Жолдыбалина

Жиырма жылда үш президент сайлай аламыз – Алуа Жолдыбалина

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Желмая жобасында президентті жеті жылға сайлаудың мәнісін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конситуцияға енгізілген бірреттік жеті жылдық мерзім өзгертілмеуі керек.  Төрт жылдан екі рет алсақ сегіз жыл шығады. Бір рет алсақ – жеті жыл. Францияның өзі президенттің қайта сайлану құқығын алып тастап, бір мерзімге ғана сайлауды талқылап жатыр. Израиль де солай. Бұл бір жағынан саяси элитаның жаңаруын тездетеді. Президент келген соң жеті жылда бағдарламасын жүзеге асырып, келесі президентке мүмкіндік береді. Жаңаруға мүмкіндік бар. Бес жылдан екі рет сайланса, он жылда бір ғана президент болады. Келер он жылда да солай. Ал жеті жылдан бір рет қана сайланса, жиырма жылда екі емес, үш президент болады, –  деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.

Ол бұл өзгеріс саяси элитаның жаңаруына, жас адамдардың мемлекеттік билікке келуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айта кетті.

Сол кезде бәсеке болады. Президентті бір рет жеті жылға сайлаймыз. Келесі президент келген кезде жастар саяси бәсеке барына, презиенттікее толыққанды өтуге мүмкіндігі бар екеніне көзі жетеді. Көп мемлекетте ұзақ мерзімді стратегия қабылдамайды. Ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға жеті жыл жеткілікті. Жолдауда әлеуметтік бастамалар өте көп болды. Қазір қандай президент келмесін көздеген мақсаты адам капиталына байланысты болуы керек. Мемлекеттің байлығы, берері, бүкіл әлеуетін де, барлық күшін де көрсететін ол – адами капитал. Білім, денсаулық саласын, адамның өмір сүру әл-ауқатын көтеру керек, деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары.

Алуа Жолдыбалина 2019 жылы басталған саяси реформаларың логикасы осымен аяқталуы керек екенін айта кетті.

Биыл саяси институттарға қатысты толыққанды өзгерістер болып жатыр. Ауыл әкімдерін сайлап жатқанымызға екі жыл болды. Маслихат сайлауын өзгерттік. Мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын санатты алып тастадық. 30 пайызы –  өзін ұсынатындар, ал 70 пайызы партия атынан сайлауға түседі. 2023 жылы аудан әкімдерін сайлауға көшеміз. Бүкіл реформалардың толыққанды нүктесі ретінде президенттік институтқа да өзгеріс енгізіп жатырмыз. Толыққанды жүйе жаңарып, жаңа мақсаттарды орындаймыз,  –  деді Алуа Жолдыбалина.

Ол Қазақстанға геосаяси жағдай да әсерін тигізетінін айтты.

Қазақстан бүкіл перимет бойынша шектеседі. Ресей мен Укриана, Қытайдағы Тайвань мәселесі, Қырғызстан мен Тәжікстан, Армения мен Әзербайжан арасындағы жайдай бар. Халықаралық деңгейдегі процестер үлкен қарқын алды. Әрі қарай атқаратын мақсат-міндеттеріміз өте көп. Жаңарған саяси институттармен жұмыс істеу керек. Соңғы жалпыхалықтық референдум сайлауына 70 пайыздан астам адам қатысты. Жақсы көрсеткіш. Азаматтар елдің тағдырына бей-жай қарамайды деген сөз. Адамдар неғұрлым саясатқа, қоғамдық саланың барлығына қатысса, жауапкершілік алса, соғұрлым өздері де елдің тағдырын шешеді, –  деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина.

https://baq.kz/zhiyrma-zhylda-ush-prezident-saylay-alamyz-alua-zholdybalina-288775/

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также