Ағымдағы жылдың 11 наурызымен 13 наурыз аралығында Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2008-2009 жылы туылған қыздар арасында бокстан Қостанай облысының чемпионаты өтті. Тартыстың қорытындысы бойынша Жақсы ауданынан барған 44 келі салмақтағы Серікпаева Диана І орынды иеленсе, ІІ орынды екі бірдей боксшы қызымыз 46 келі салмақтағы Сертакова Анастасия мен 42 келі салмақтағы Токкарина Мерей қанжысына байлады. ІІІ орынды да екі боксшы қызымыз 50 келі салмақтағы Егазарян Мадина мен 42 келі салмақтағы Ахметова Баян теңдей бөліп алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Боксшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!