Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Ең үздік жыл психологы — 2022» республикалық конкурсы өтті. Бұл сайыста Ақмола облысының намысын қорғаған Қима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Ахметова Аида Бейсенқызы қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жерлесімізді құттықтап, биік шыңдарды бағындыруын тілейміз!