Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

 

«»Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес сатушы  тауар туралы, сондай-ақ сатушы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті, егер ақпарат бір тілде немесе шет тілінде берілсе, ол ақпарат ұсынылмайды деп есептеледі» — дейді Ерлан Әубәкіров.

Сондай-ақ, тауардың мақсаты туралы ақпараттың болмауы өнімді дұрыс пайдаланбауы тұтынушыларға қауіп төндіруі де мүмкін.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес тауарды тиімді және қауіпсіз қолданудың мақсаты мен шарттары туралы мәліметтердің болмауы тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алу құқығын бұзу болып табылады.

Спикер Ерлан Әубәкіровтың айтуынша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-1-тармағына сәйкес сатушы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сатқан болса, айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Мұндай жағдайларды алдын алу үшін, тауарлардың қаптамасында таңбалауды,  тауардың жарамдылық мерзімін үнемі тексеріп отырған жөн.

Егер де бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті органдар мен қоғамдық бірлестіктерге хабарласуға болады.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также