Сколиоз және тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу және    мектеп жиһаздары мен рюкзактарына қойылатын талаптар. Профилактика сколиоза и болезней опорно-двигательного аппарата и требования к школьной мебели и школьным  рюкзакам.

 

 

Тірек-қимыл аппаратының аурулары ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады, ал мектепте оқыған жылдары тірек – қимыл аппараты бұзылған балалардың саны 5 есе артады.

Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді.

Спикердің айтуынша,   жиһазды баланың жасына және бойына сәйкес таңдау өте маңызды.

Орындықта шетіне жақын отыру керек, шынтақтарды шынтақ сүйенішішіне қою, тізелерді тік бұрыш бойынша бүгу, арқаны тік ұстау, көзден үстелге дейінгі қашықтық кемінде 30 сантиметр болуы керек.

Рюкзакты оқу жылы басталмас бұрын сатып алу маңызды. Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі көбінесе оның сапасына байланысты, ауыр рюкзакты кию қалыптың дұрыс қалыптаспауының  негізгі себептердің бірі болып табылады», -деп атап өтті Айнагүл Мусина.

Сонымен қатар, сатып алу кезінде міндетті түрде төменде көрсетілген белгілерге назар аудару маңызды:

—         «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 Кеден одағының техникалық регламентіне  (КО ТР)  сәйкес:

Таңбалау. Балаға арналған өнімде міндетті түрде таңбалау болуы керек: ақпаратқа сай, тексерілетін, оқылатын және қол жетімді.  Оқушыларға арналған иыққа салатын сөмкелеріндегі, портфельдеріндегі және рюкзаттарындағы таңбалауда пайдаланушының жасы туралы ақпарат, мысалы: «мектеп», жасы: 6+ және т.б. болуы тиіс

Салмақ. Сөмкелердің, портфельдердің немесе рюкзактардың салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 г, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 1000 г аспауы тиіс.  Егер сіз балаға қажет болғаннан ауыр сөмке сатып алсаңыз, кітаптар мен дәптерлер бар сөмкенің жалпы салмағы ұсынылған белгіден аспайтынына көз жеткізіңіз. Мысалы, бірінші сынып оқушысы үшін – 2,2 кг (есептік – 700 г рюкзак + 1,5 кг кітап), түлек үшін – 5 кг (1 кг рюкзак + 4 кг оқулықтар мен дәптерлер) қажет.

Рюкзактың арқасы, рюкзак пен белдіктердің өлшемі.

Төменгі сынып оқушысына арналған рюкзактың арқасы формаға төзімді, қатты, майыспайтын болуы тиіс. Бастауыш сынып оқушысына арналған рюкзак мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс: рюкзактың артқы жағының ұзындығы: 3-3,6 см, алдыңғы жақтың биіктігі: 2,2–2,6 см, ені: 6-10 см. Өлшемдерін 3 см-ден асырмай ұзартуға жол беріледі. Иық белдіктерінің астары желдетілетін матадан жасалуы тиіс. Белдіктер мықты бекітіліп, ұзындығы бойынша реттелуі маңызды. Белдіктердің бірінде жеке бөлікке ажырату болуы керек, соның арқасында рюкзакты кию және шешу оңай болады, ал белдіктің ұзындығын реттеуге арналған ілгектер немесе басқа құрылғылар рюкзактың түбіне бекітіліп, бала жарақат алмауы және киімін жыртып алмауы керек. Дұрыс мектеп рюкзактары пішінге төзімді болуы керек, оқушының арқасына мүмкіндігінше сәйкес келуі және салмақты иыққа, белге және жамбасқа біркелкі орналасуы тиіс. Егер бала бастауыш мектепте оқитын болса, ортопедиялық арқасы бар рюкзактарға артықшылық беру керек;

  • Жарық шағылыстырғыш элементтердің болуы.

Оқушыларға арналған портфельдер мен сөмкелерде алдыңғы, бүйір беттерде және жоғарғы клапандарда шағылыстырғыш элементтері бар бөлшектер және (немесе) керек-жарақтар болуы және қарама-қарсы түстердің материалдарынан жасалуы керек.

«Балаларыңызға спортпен айналысуға ықпал етіңіз. Кез-келген физикалық белсенділік тірек-қимыл аппаратының, бұлшықеттердің және ішкі ағзалардың дамуына оң әсер етеді.

Есіңізде болсын, сколиоздың алдын-алу әсіресе ерте жастан бастап белсенді өсу кезеңінде тиімді.

Сондықтан баланы бала кезінен спортпен шұғылдануға дағдыландыру, оны бүкірейіп жүру әдетінен айыру, ағзаға шамадан тыс жүктеме көтеруге жол бермеу керек!», — деп сөзін қорытындылады облыстың бас санитариялық дәрігері.

 

 

 

 

 

Болезни опорно-двигательного аппарата – одни из самых распространенных, а за годы годы обучения в школе количество детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата возрастает в 5 раз.

Об этом рассказал в ходе брифинга РСК   главный санитарный врач  Акмолинской области  Айнагуль Мусина.

По словам спикера, очень важно, чтобы мебель была подобрана в соответствии с возрастом и ростом ребенка.

На стуле сидеть надо ближе к краю, локти на подлокотник, колени согнуть под прямым углом, спину выпрямить, расстояние от глаз до стола должно быть не меньше 30 сантиметров.

Одна из самых важных покупок перед началом учебного года – школьный рюкзак. От его качества во многом зависит здоровье и безопасность ребенка, а ношение тяжелых рюкзаков является одной из основных причин формирования неправильной осанки.

При покупке обязательно нужно обращать внимание на следующие моменты:

Согласно Технического регламента Таможенного союза (ТР ТС) 007/2011 «О безопасности продукциипредназначенной для детей и подростков»:

Маркировка. На изделии, предназначенном для ребенка, обязательно должна быть маркировка: достоверная, проверяемая, читаемая и доступная. Маркировка ранцев ученических, сумок, портфелей и рюкзаков должна содержать информацию о возрасте пользователя, например: «школьный», возраст: 6+ и др.

Вес.  Вес ранцев, портфелей или рюкзаков должен быть не более 700 г – для учащихся начальных классов,  не более 1000 г – для учащихся средних и старших классов. Если вы купили ребенку более тяжелый, чем следует, ранец, следите, чтобы общий вес ранца с книгами и тетрадками не превышал рекомендованной отметки. Например, для первоклассника необходимо – 2,2 кг (расчетно – 700 г рюкзак + 1,5 кг книги), для выпускника – 5 кг (1 кг рюкзак + 4 кг учебники и тетради);

Спинка, размер рюкзака и лямок.  Спинка рюкзака для школьника младших классов должна быть формоустойчивой, жесткой, несгибаемой.  Рюкзак для ученика начальных классов должен соответствовать следующим параметрам: длина задней стенки рюкзака: 3–3,6 см, высота передней стенки: 2,2–2,6 см, ширина: 6–10 см. Допускается увеличение размеров не более чем на 3 см. Подкладка плечевых ремней должна быть из вентилируемой ткани. Важно, чтобы лямки были прочно закреплены и регулировались по длине. Один из ремней должен иметь разъем, благодаря которому будет проще одевать и снимать рюкзак, при этом пряжки или другие приспособления для регулировки длины ремня должны крепиться на дне рюкзака, чтобы ребенок не травмировался и не порвал одежду. Правильный школьный рюкзак должен быть формоустойчивым, максимально прилегать к спине учащегося и равномерно распределять вес на плечи, талию и бедра. Если ребенок учится в начальной школе, следует отдавать предпочтение рюкзакам с ортопедической спинкой;

Наличие светоотражающих  элементов.

Портфели и ранцы ученические должны иметь детали и (или) фурнитуру со светоотражающими элементами на передних, боковых поверхностях и верхнем клапане и изготовляться из материалов контрастных цветов.

«Займите детей спортом. Любая физическая активность положительно влияет на развитие опорно-двигательного аппарата, мышц и внутренних органов.

Помните о том, что профилактика ввсех заболеваний  особенно эффективна с раннего возраста в период активного роста.

Поэтому нужно с детства приучать ребенка к занятиям спортом, отучать его от привычки сутулиться и избегать непомерных нагрузок на организм!», — заключила главный санитарный врач области.

 

 

Пресс-служба

ДСЭК Акмолинской области

 

 

 

 

By admin

Читайте также