ҰҚШҰ ПА делегациясы Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз кеше және бүгін сайлауды ұйымдастыру процесін қарап отырамыз. Біз үдерістерге қатысып жатқан барлық саяси күштермен кездесулер өткіздік. Біз үміткерлердің штабында болдық, түрлі құрылымдармен кездестік. Бүгін таңертең сайлау учаскелерінде ҰҚШҰ байқау тобы да жұмысын бастады. Осы орайда дауыс берушілердің көптігін атап өткіміз келеді. Дауыс беру рәсімдері жақсы ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Біз барлық оқиғаларға мұқият қарап отырмыз. Біздің ойымызша, сайлаудан кейін Қазақстан халқы бұл үдерістен нығайып шығады. Жалпы, бұл сайлау Қазақстан халқы үшін маңызды деп санаймын», — деді ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының топ үйлестіруші Вагаршак Акобян елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингіде.

Өз кезегінде ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспелов бүгін таңертең сайлау учаскелері ашылғанға дейін дауыс берушілер қатарынан шағын кезектер болғанын айтты.

«Қазіргі уақытта біз ешқандай заң бұзу деректерін тіркеген жоқпыз, учаскелер жабылғанша жұмысты жалғастырамыз. Дауыстарды санау кезінде де біздің байқаушылар қатысады. Сондай-ақ бүгін кешке сайлауға қатысты өзіміздің қорытындыны құжатымызды қабылдайтын боламыз», — деді С. Поспелов.

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также