Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтетінін мәлімдеді. Қазір референдумға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.
Жақсы ауданында 28 референдум комиссиялары бар. Оның ішінде 1 аумақтық комиссиясы және 27 учаскелік комиссиялары бар. Референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 150 комиссия мүшелері қатысады. Оның ішінде 7 мүшеден құралған аумақтық комиссиясы және 143 учаскелік референдум комиссияларынан тұрады.
2024 жылдың 6 қазанына тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру жоспарына сәйкес Ақмола облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич Политкин, комиссия мүшесі Алма Болатқызы Бекентаева Жақсы ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелерімен семинар кеңес өткізді. Семинар барысында Референдум туралы заңға енгізілген толықтырулар, өзгерістермен таныстырылды. Учаскелік референдум комиссияларының мүшелері біраз ақпарат алмасып, тәжірибе жүзінде референдум күні өткізілді. Сонымен қатар, комиссия мүшелері қашықтықтан оқыту арқылы тестілеуден өтті. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Байланыс орталығының телефон нөмірі 8 716 35 21361. Онда азаматтар тіркелген жері және референдумға қатысты кез келген сұраққа жауап алады. Аудан бойынша онлайн қызметін № 472 және № 474 референдуум учаскелері көрсетеді. Электронды үкімет арқылы дауыс беруі тіркелген учаскесін біле алады. Егер сайлаушы Жақсы ауданының тұрғыны болмаса, сырттай дауыс беру куәлігін алу үшін тіркелген жері бойынша сайлау комиссиясына хабарласуы керек.
Учаскелік комиссия мүшелерінің қатысуымен үйлер,пәтерлерді аралап толық ақпарат беріліп шақырылды. Бұл халықты ақпараттандыру жұмысының бір бағыты болып табылады. Барлық ауылдық мекендерде арнайы белгіленген орындарда референдум туралы баннерлер, әдістемелік парақшалар орналастырылды. Жақсы аудандық сайлау комиссиясы FACEBOOK әлеуметтік желісінде референдум туралы ақпараттар жиі жарияланып отырады.
Сайлаушылардың тізімдеріне келетін болсақ, күнтізбелік жоспарға сәйкес, 15 қыркүйекте әкімдіктер референдумға қатысушылардың тізімін учаскелік комиссияларға ресми түрде тапсырды. Осыдан кейін Жақсы ауданының кез келген азаматы тізімнен өзін табу, аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірі сияқты деректерінің дұрыстығын тексеру үшін учаскелік комиссияларға хабарласа алады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен азаматшаларға ерекше көңіл бөлінеді: олардың дауыс беруге қатысуын қамтамасыз ету үшін учаскілерде талаптарға сәйкес жабдықталды. Барлық учаскелік комиссиялар қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сай әр түрлі себептерге сәйкес үй жайында дауыс беретін қатысушылар, 2024 жылдың 06 қазаны сағат 12:00- ге дейін өздерінің тіркелген учаскелеріне өтініш білдіре алады.
Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы маңызды. Ал дауыс беруге алғаш қатысқан сайлаушылар үшін қызықты оқиға болып саналады. Сондықтан ондай азаматтарға арнайы сыйлық қарастырылып отыр. Бірінші рет дауыс беретіндерге ерекше назар аударуы керек. Мұндай сайлаушылар өздерінің конституциялық міндеттерін орындауға келгендіктен, сайлау учаскесінде қарсы алып, құттықтап, ілтипат білдірген дұрыс.
Референдумға қатысатын азаматтардың нақты саны тізімдерді алғаннан кейін белгілі болады. Осы деректер негізінде бюллетеньдер дайындалады. Алайда 2024 жылдың 15 қыркүйектегі жағдайы бойынша Жақсы ауданында референдумға қатысуға құқығы бар 10609 адам тізімге енгізілді.
Жақсы ауданында Республикалық референдум жоғарғы деңгейде өтуіне барлығымыз ат салысуымыз қажет.
Жақсы аудандық аумақтық референдум комиссиясы