Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Осы уақыт ішінде президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды?
Жигули Дайрабаев — «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
Мейрам Қажыкен — «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
Қасым-Жомарт Тоқаев — Халықтық коалиция атынан;
Қарақат Әбден — «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері — 3 млн теңге.
https://baq.kz/prezidentikke-kandidattardy-usynu-erten-ayaqtalady-289132/