Президент келер жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық төлем жүйесін 2024 жылы толық енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тағы бір маңызды мәселе – қор нарығын дамыту. Қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Олар жұмыс барысында көбіне бірін-бірі қайталайды, тіпті өзара бәсекеге түсіп жатады. Еліміздің қаржы жүйесі үшін бұл тым артық. Ішкі нарықтың көлемін және тартымдылығын арттыру үшін осы биржалардың әлеуетін біріктіріп, бір жерден басқару мәселесін қарастыру қажет», — деп ұсыныс білдірді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент келер жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды.
«Төлем жүйелерінің тұрақтылығын сақтау да өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Былтыр Ұлттық банк ұлттық төлем жүйесінің бірінші бөлігі – жылдам төлемдер жүйесін іске қосты. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ұлттық банкке 2024 жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырамын», — деді Президент.
Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также