«Азаматтар экономикалық әлеуеті зор және экологиялық ахуалы жақсы елді мекендерден баспана алып немесе үй салып, қоныс аудара алады. Қауіпті жерде орналасқан елді мекендерді көшіру туралы шешім тасқын судан зардап шеккен әрбір отбасының пікірін ескере отырып, жан-жақты ойластырып қабылданады. Үйін өз күшімен қалпына келтіремін деген азаматтарға өтемақы төлеудің бөлек жолдары қарастырылады. Ең бастысы, қаражат баспананы жөндеуге жұмсалуы керек. Шығынды өтеу және мүлікті қалпына келтіру туралы өтінім беру үдерісі цифрлық форматта жүзеге асырылады.
Әрбір елді мекен жұртқа жәрдем беруге ниет білдірген ірі кәсіпкерлерге бекітіліп беріледі. Сонда олар өздері бөлген қаржының қайда жұмсалып жатқанын нақты көре алады. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысын өзім жеке бақылауға аламын.
Қарғын судан зардап шеккен адамдардың несиесін төлеу мерзімі үш айға дейін шегеріледі. Сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты төлем уақытын өткізіп алған борышкерлерге айыппұл және өсімпұл салынбайды. Бұдан бөлек, мемлекет табиғат апатынан зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне, су шайып кеткен аудандардағы шаруаларға қолдау көрсетеді.
Атап айтқанда, осы өңірлердегі кәсіпкерлер мен шаруалардың несиесіне және лизинг төлемдеріне қатысты пайыздық өсімді төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Сондай-ақ егіс науқанын уақтылы және ойдағыдай өткізу үшін диқандарға қажетті көмек беріледі. Тағы да қайталап айтамын: осы қиын-қыстау кезде ешкім ескерусіз қалмайды. Мемлекет барлық міндеттемесін толық орындайды»
Президент:
«Граждане смогут сменить место жительства, построив или получив дома в населенных пунктах с более привлекательным экономическим потенциалом и экологической ситуацией. Вместе с тем решения о возможном расселении населенных пунктов, расположенных в неблагоприятных зонах, будут приниматься с учетом мнения каждой пострадавшей от паводков семьи. Для тех, кто захочет восстановить свое жилье самостоятельно, будет предусмотрен отдельный механизм выплат, обеспечивающий их целевое использование. Процесс подачи заявления на возмещение ущерба и восстановление имущества будет цифровизирован.
За каждым населенным пунктом будут адресно закреплены крупные бизнесмены из числа изъявивших желание помочь. Это позволит предпринимателям четко видеть, на какие цели расходуются выделяемые ими средства. Вся масштабная работа по восстановлению жилья и инфраструктуры будет находиться под моим личным контролем.
Пострадавшие от паводков граждане получат трехмесячную отсрочку по кредитам. При этом за просрочку платежей из-за паводков им не будут начисляться штрафы и пени. Кроме того, государство поддержит малый и средний бизнес, пострадавший от стихии, а также аграриев затопленных регионов.
В частности, будут предоставлены отсрочки уплаты процентов по кредитам и лизинговым платежам для предпринимателей и фермеров пострадавших регионов. Аграриям также будет оказана вся необходимая помощь для своевременного и успешного проведения посевной кампании. Еще раз повторюсь: никто не останется без поддержки в этот сложный момент, государство выполнит все свои обязательства»
t.me/aqorda_resmi