16 ақпанда Жақсы ауданына жұмыс сапарымен Ақмола облысы әкімінің орынбасары М. С. Таткеев келді. Сапар барысында Малғаждар Саттарұлы Перекатное ауылындағы су құбыры желілерінің жөнделу барысымен танысты, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Жақсы ауылындағы 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс нысанына, аудан орталығындағы қазандықтарға барды. Сондай-ақ, Малғаждар Саттарұлы құрылыс, ТКШ және автомобиль жолдары саласындағы мәселелер бойынша жұмыс кеңесін өткізіп, бірқатар аса маңызды тапсырмалар берді.