Елде бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқыАссамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысындаосындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
«Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегенімізмақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі.
Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігіжәне аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігіосы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулықпен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуіқажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуныша, бұл жалаң ұранемес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек.
«Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірінбіледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалайбілгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріпжатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!», — деді Президент.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Қазақстан халқы АссамблеясыныңХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.
https://www.inform.kz/kz/memleket-basshysy-tauelsizdik-pen-aumaktyk-tutastygymyz-barinen-kymbat_a4061566